Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қаспан ауылдық округі әкімінің аппараты
Ауыл әкімінің аппараты туралы
"Жетісу облысы Кербұлақ ауданының Қаспан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қаспан ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.