Құрылым — Жетісу облысы Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округі әкімінің аппараты

    Жетісу облысы Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округі әкімінің аппараты құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.

    Жетісу облысы Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округі әкімінің аппараты

    Ауылдық округ әкімі Балшенов Талғат Жақанұлы 2023 жылғы 13 ақпан тағайындалды. Округтің аумағы 16615 га құрайды. Округке 4 елді мекен кіреді, жалпы халық саны - 3150 адам. Ескелді би ауылы округ орталығы болып саналады, тұрғылықты халық саны - 1459 адам; Қызылжар ауылында 1113 адам, Көкдала ауылында 501 адам, Қайнар ауылында 77 адам тұрады. Округте 153 шаруашылық субъектісі бар.Ауылшаруашылық маңыздағы жерлер 14850 га құрайды, оның ішінде, суармалы - 3803 га, жайылым -11047 га.Ауылдар ауыз сумен және электр жүйелерімен толық жабдықталған, Ескелді би ауылында 1 су мұнарасы, Көкдала ауылында 1 су мұнарасы бар. Аудан орталығымен байланысқан тас жолдың ұзындығы 17 шақырым (қатты жабынмен).4G билайн кеңжолақты интернетпен 4 ауыл қамтылған.Ескелді би ауылында 4 дүкен, 1 пошта бөлімшесі жұмыс жасайды, Мәдениет Үйі, спорт кешені, 1 мешіт, 1 ауылдық амбулатория, 1 кітапхана, сондай-ақ 50 орындық «Айым» бөбекжай балабақшасында 50 бала тәрбиеленуде, Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебі; Қызылжар ауылында Лермонтов орта мектебі, 2 дүкен; Көкдала ауылында Көкдала орталау мектебі, 2 дүкен бар. Ескелді би ауылындағы Р.Қошқарбаев орта мектебінде (1968 жылы салынған) 258 оқушы, Қызылжар ауылындағы Лермонтов орта мектебінде (2014 жылы салынған) 139 оқушы, Көкдала ауылындағы Көкдала орталау мектебінде (1984 жылы салынған) 72 оқушы оқиды.

    zhetysu-karatal-eskeldi