Қызметкерлер — Жетісу облысы Алакөл ауданы Ынталы ауылдық округі әкімінің аппараты

    Жетісу облысы Алакөл ауданы Ынталы ауылдық округі әкімінің аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Орынбаев Даулет Дауренұлы
    Әкім

    Орынбаев Даулет Дауренұлы

    Алакөл ауданы Ынталы ауылдық округінің әкімі

    1992 жылдың 13 желтоқсанында Алматы қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ; Білімі – жоғары; 2010–2014 жылдар аралығында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша жоғары білім алды. 2016 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетін аяқтады.

    Басқа қызметкерлер

    4
    Берік Мөлдір Мұратқызы
    Бас маман

    Берік Мөлдір Мұратқызы

    Есепші бас маман

    1994 жылғы 29 маусымда Алматы облысы, Алакөл ауданындағы Үшарал қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2016 жылы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы О.А. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша бітіріп, магистр дәрежесін алған.

    Төкенов Ұлан Ерболович
    Қызметкерлер

    Төкенов Ұлан Ерболович

    Ауыл шаруашылығы жөніндегі бас маман

    1988 жылдың 28 желтоқсанында Алакөл ауданы Ынталы ауылында дүниеге келген. Ұлтты – қазақ; Білімі – жоғары; 2008 жылы, Алматы аграрлық колледжі/ есеп және аудит мамандығы. 2013 жылы, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті құқықтану мамандығын алған.

    Оканова Назерке Бокешқызы
    Бас маман

    Оканова Назерке Бокешқызы

    Салық жөніндегі бас маман

    1992 жылдың 20 шілдесінде Алакөл ауданы Ынталы ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ; Білімі – жоғары; 2013 жылы, Жетісу мемлекеттік университетінің "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы тәмамдадым. 2020 жылы, С.Қуатбеков атындағы педагогикалық университеті "информатика "мамандығын алған.

    Хасенқызы Диана
    Бас маман

    Хасенқызы Диана

    Іс қағаздарын жүргізу жөніндегі бас маманы

    2002 жылдың 14 тамызында Алакөл ауданы Үшарал қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ; Білімі – жоғары; 2024 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде тарих факультетін «философия-әлеуметтану » мамандығын бітірген.