«Тараз қаласы Жібек жолы ауданы әкімі аппараты» КММ

    Әкімдік туралы

    "Тараз қаласы" Жібек жолы "ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқару саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.

    Тапсырмалар:

    Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
    Заңнамамен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

    ОтырысАяқталды

    Қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлықтың алдың алу

    2026 жылғы 29 маусымда Тараз қаласы «Жібек жолы» ауданы әкімі аппараты КММ-сі, әдеп және сыбайлас жемқорлықтың алдың алу мәселелері бойынша түсіндіру жиыны өткізілді. Жиын барысында аппарат басшысы, әдеп жөніңдегі уәкілі Д.Әжіман мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, қызмет әдеп нормаларын қатаң ұстану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында құмар ойындарға және ойын бизнесіне қатысуға жол бермеу мәселелері және ішкі талдау нәтижелеріне баға берілу бойынша баяндама жасады. Келесі кезекте, С.Мырзабай сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметте ашықтық пен адалдықтың қағидаттарын нығайту бағытында баяндама жасады. Жиын қортындысында аппарат қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне жол бермеу, заң талаптарын қатаң сақтау, әдеп нормаларын ұстану және қоғамдық мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту жолында адал қызмет ету қажеттілігі атап өтілді.

    29 маусым 2026 ж.Тікелей
    Место проведения: город Тараз, Жібек жолы район, ул. Юнчи, № 3
    ОтырысАяқталды

    Хабарландыру!

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына ықпал ететін факторларды анықтау және жою мақсатында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес, "Тараз қаласы "Жібек жолы" ауданы әкімі аппараты" КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды. Талдау 2026 жылдың 15 сәуір айынан 01 маусым айы аралығында өткізіледі және әкімдік қызметінің негізгі бағыттарын қамтиды.

    15 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Халық қатысатын бюджет

    Құрметті Тараз қаласының тұрғындары! Тараз қаласы тұрғындарының бастамалары мен ұсыныстарының негізінде, қала аумағын көркейтуге және дамытуға арналған өтінім – жобаларды жүзеге асыру бойынша «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінім қабылдау басталды . 🔹Кез келген қала тұрғыны төмендегі жобалар бойынша өз ұсыныстарын Әулиеата және Жібек жолы аудандарының сайтында жарияланған ережеге сәйкес ұсына алады: - тротуарларды жайғастыру; - автокөлік тұрақ орындарын үлкейту және азайту; - бордюрлар мен қырларды ауыстыру және орналастыру; - тасты жабындарды ауыстыру және қалпына келтіру; - мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустарды орнату; - ішкі жолдардың шұңқырларын жөндеу; - жол кедергілерін орналастыру; - ішкі жолдардың белгілерін орналастыру және белгілеу; - контейнер алаңшаларын жөндеу және орнату; - аумақты көгалдандыру; - ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер); - ортақ пайдалану орындарында орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу; - аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын ), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру. 🔹Әулиеата ауданы бойынша Жобалық ұсыныстар электрондық түрде Әкімдіктің электрондық https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-aulieata?lang=ru адресіне жіберіледі. 🔹Ал Жібек жолы ауданы бойынша ұсыныс-өтінімдер https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhibekzholy?lang=ru адресіне жіберіледі 📌Жобалық ұсыныстар мынандай критерийлерге сай болуы тиіс: - бір өтінім – бір нысан; - жалпы пайдалану объектісі; - Тараз қаласы тұрғындары үшін өзекті болуы; - Мақсаты мен нәтижесінің келісілуі; - Бір бюджеттік жыл ішінде жүзеге асыру мүмкіндігі. - Жобалық ұсыныстың жүзеге асырылуы Әкімдік құзіретінің шеңберінде болуы керек.

    26 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    📢 **ХАБАРЛАНДЫРУ**

    📢 **ХАБАРЛАНДЫРУ** Тараз қаласы «Жібек жолы» ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекованың №4 аумақтық округ тұрғындарымен кездесуі өтеді. 📍 **Мекенжайы:** Ботамойнақ көшесі 27, №62 орта мектеп 📅 **Күні:** 24.04.2026 жыл 🕚 **Уақыты:** 11:00 Құрметті тұрғындар! Сіздерді аталған кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз.

    24 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Хабарландыру Құрметті Станция Талас ,Түрксіб алабтарының тұрғындары!

    Хабарландыру Құрметті Станция Талас ,Түрксіб алабтарының тұрғындары! 2026 жылғы 20-21 сәуір күні елді мекен аумағында кенеге қарсы дәрілеу (дезинфекция) жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты, қолданылатын препараттардың үй жануарлары мен жәндіктерге зиян келтіруі мүмкін екенін ескере отырып, өздеріңізге тиесілі үй құстарын, қояндарды және бал араларын уақытша қауіпсіз орынға ауыстыруларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, аталған күні: • балалардың дәрілеу жүргізіліп жатқан аумаққа бармауын қадағалауды; • үй жануарларын сыртқа шығармауды; • жеке қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз. • әркім өзі мал ұстайтын аумағын (қорасын) таза ұстап, үйде ересек адамның бас- қасында болуын сұраймыз. Түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз! Әкімшілік!

    20 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекованың №1 аумақтық округі тұрғындарымен кездесуі өтеді.

    🔰Құрметті №1 аумақтық округ тұрғындары! 🗓️30 қаңтар күні, сағат 10:00-де Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекованың аумақтық округ тұрғындарымен кездесуі өтеді. 🔹Жиынның өтетін орны: «Алатау» шағын ауданы, 53; №48 орта мектеп

    30 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    Анықтама

    Ішкі талдау

    Жамбыл облысы Тараз қаласы «Жібек жолы» ауданы әкімдігінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің талдау жүргізу нәтижелері туралы

    Жарияланды: