Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасы
«Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жамбыл облысының цифрландыру және жобалық басқару салаларында функцияларды іске асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады
Басқарманың Миссиясы: Жамбыл облысында цифрландыру және жобалық басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу
Жаңалықтар
Құжаттар
Жамбыл облысы әкімідігінің цифрландыру және архивтер басқармасы мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы 2026 жылдың III тоқсаны бойынша қысқаша есебі
Жамбыл облысы әкімдігінің цифралндыру және архивтер басқармасына қарасты мекемелер 1 мемлекеттікқызмет көрсетеді. 2026жылдың III тоқсанында басқармаға қарасты 7650мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Оның ішінде: электронды түрде–6429 қызмет қағаз түрінде–1221 қызмет Жамбыл облысы әкімідігінің цифрландыру және архивтер басқармасы ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 1 ішкі бақылау жұмысын жүргізіп, 1 ведомстволық бағынысты мекемесі қамтылды (1 нысан). Нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жоқ. Осы мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту фактісі анықталмаған. 2026 жылдың III тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудыңфактілері тіркелген жоқ. Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтербасқармасына бағынысты мекемелер мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және халықты ақпараттандыру мақсатында 2026 жылдың III тоқсанында 34 түсіндірме іс-шаралар жүргізді(насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау).
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТОГРАММАСЫ
Картограмманың негізгі мақсаты – Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін бағыттарды анықтау, оларды бағалау және тәуекелдерді азайтуға бағытталған алдын алу шараларын белгілеу. Картограмма Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасында 2026 жылғы 1 маусымнан 10 шілдеге дейін жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері негізінде әзірленді. Картограмманы әзірлеу кезінде ішкі талдау барысында анықталған себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары, анықталған кемшіліктердің жойылғаны туралы анықтама және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі ескерілді. Ішкі талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді. Картограмма анықталған тәуекелдердің алдын алуға, оларды төмендетуге және тұрақты бақылауда ұстауға бағытталған.
Өңірлік геоақпараттық жүйенің атауын өзгерту туралы
"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «УПРАВЛЕНИЕ ЦИФРОВИЗАЦИИ И АРХИВОВ АКИМАТА ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ» БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ №35-Н 23 шілде 2026 жыл Өңірлік геоақпараттық жүйенің атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 28-бабының 2-тармағына және Жамбыл облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 қарашадағы № 240 қаулысымен бекітілген «2026-2030 жылдарға арналған Жамбыл облысының цифрлық даму стратегиясына» сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының «Өңірлік геоақпараттық жүйесінің» атауы жаңа редакцияда «E-Jambyl цифрлық аналитикалық жүйесі» болып бекітілсін. Цифрландыруды дамыту бөлімінің бас маманы Динара Әлімжанқызы Әбдіқапар осы бұйрықты басқарманың ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау цифрландыруды дамыту бөлімінің басшысы Акберен Бекболатович Сейдимхановқа жүктелсін. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Басқарма басшысы Ш. Амантуров
Жамбыл облысы әкімідігінің цифрландыру және архивтер басқармасының көрсетілген мемлекеттік қызметтері туралы 2026 жылдың II тоқсаны бойынша қысқаша есебі
Жамбыл облысы әкімідігінің цифрландыру және архивтер басқармасының көрсетілген мемлекеттік қызметтері туралы2026 жылдың II тоқсаны бойынша қысқаша есебі Жамбыл облысы әкімдігінің цифралндыру және архивтер басқармасы және оған қарасты мекемелер 1 мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2026 жылдың II тоқсанында басқармаға қарасты мекемелерде 5863 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Оның ішінде: электронды түрде– 2280қызмет қағаз түрінде– 3583 қызмет Жамбыл облысы әкімідігінің цифрландыру және архивтер басқармасы ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 1 ішкі бақылау жұмысын жүргізіп, 1 ведомстволық бағынысты мекемесі қамтылды (1 нысан). Нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жоқ. Осы мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту фактісі анықталмаған. 2026 жылдың II тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың фактілері тіркелген жоқ. Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және халықты ақпараттандыру мақсатында 2026 жылдың II тоқсанында 41 түсіндірме іс-шаралар жүргізді (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау).





