Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледжі

    Жалпы ақпарат

    Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 9 шілдедегі №587 қаулысымен мектеп «Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернаты» болып қайта аталды.

    Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің 1992 жылғы 4 тамыздағы №653 шешімімен Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернатына екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Я. Бигелдиновтің есімі берілді.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 қыркүйектегі №789 қаулысымен мектеп Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына беріліп, «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Я. Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 28 ақпандағы №238 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Яқыпбекұлы Бегелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебі» республикалық мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі деп қайта атау туралы» бұйрығы талаптарының негізінде оқу орны қайта ұйымдастырылды.

    Орта арнаулы оқу орны мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес орта буын мамандарын даярлау және кейіннен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сержанттық құрам лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін төмендегі мамандықтар бойынша құрылды:

    1. «Әскери істе кіші буын бөлімшелерін басқару» мамандығы, «Зымыран әскерлері мен артиллерия бөлімшелерін басқару» біліктілігі беріледі;
    2. «Әскери істегі логистика» мамандығы, «Азық-түлікпен қамтамасыз ету» біліктілігі беріледі;

    «Әскери істегі логистика» мамандығы, «Киім-кешекпен қамтамасыз ету» біліктілігі беріледі.