Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжі»
Мемлекеттік мекеме «Мемлекеттік мекемелерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына беру және оларды қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 қыркүйектегі №789 қаулысына сәйкес құрылған, ал «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі республикалық мемлекеттік мекемесінің атауын «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі етіп өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі №444 бұйрығына сәйкес Әскери колледж болып қайта аталды.
4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
5. Уәкілетті орган, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің мүлкіне байланысты құқық субъектісінің функцияларын оған қатысты жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
6. Мемлекеттік мекеменің атауы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
7. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 160019, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қалдаяқов көшесі, 3.
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі
8. Мемлекеттік мекеме заңнамаға сәйкес дербес балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған бланкілері, мөрлері болады.
9. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлға құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
10. Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша иелігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде қаражат жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жауапты болады.
11. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
3-тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
12. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні білім беру қызметі болып табылады.
13. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі сержанттар құрамының лауазымдары бойынша әскери қызмет өткеру үшін орта буын мамандарын даярлау болып табылады.
14. Мемлекеттік мекеме өз мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларына сәйкес білім алушыларды оқытуды жүзеге асырады;
2) жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлейді;
3) оқу, материалдық-техникалық, өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық базаны дамыту мен жетілдіруді жүзеге асырады;
4) оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
5) өз құзыреті шегінде әскери білім саласында тәжірибе алмасу бойынша конференциялар мен семинарлар жұмысына қатысады;
6) өз құзыреті шегінде оқу-тәрбие процесі мәселелері бойынша шетел әскери оқу мекемелерімен және ұйымдарымен байланыс орнатады;
7) өз құзыреті шегінде лицензияға сәйкес дәрігерлік қызметті жүзеге асырады;
8) оқулықтармен, оқу-әдістемелік және көркем әдебиетпен қамтамасыз ету бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды;
9) ақпарат қауіпсіздігін және мемлекеттік құпияны құрайтын және таратылуы шектелген мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді.
15. Мемлекеттік мекеме осы жарғыда бекітілген қызмет мәніне және мақсаттарына сәйкес келмейтін қызметпен айналысуға, сондай-ақ мәмілелер жасауға құқылы емес.
16. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен айқындалып шектелген қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұзумен жасаған мәміле уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
17. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандартына және білім беру қызметіне лицензияға сәйкес күндізгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады және техникалық және кәсіптік әскери білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом беруге құқылы.
18. Мемлекеттік мекемеге оқуға қабылдау тәртібі уәкілетті орган бекітетін Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
19. Мемлекеттік мекеме білім беру процесін жұмыс оқу жоспарларына және жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.
20. Мемлекеттік мекеме негізгі орта білім беру базасында техникалық және кәсіптік білім беру бойынша әскери қызметшілерді үздіксіз даярлауды жүзеге асырады.
21. Білім беру процесі Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына सәйкес жүзеге асырылады.
22. Әскери колледжде оқыту мемлекеттік не орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
23. Мемлекеттік мекемедегі оқу жылы 1 қыркүйектен басталады. Ол екі семестрге бөлінеді, олардың әрқайсысы емтихан сессиясымен немесе тест тапсырмаларымен аяқталады. Әрбір семестрдің ұзақтығы, емтихандар өткізілетін пәндер тізбесі және оларды өткізу мерзімі мемлекеттік мекеменің оқу жоспарында айқындалады.
24. Мемлекеттік мекемедегі оқу процесі уәкілетті орган бекітетін Әскери оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
25. Сабақ кестесін мемлекеттік мекеме бастығы не оның орнындағы адам бекітеді.
26. Әскери колледждің білім алушыларына бақылаудың және аттестаттаудың барлық түрін жүргізу тәртібі уәкілетті орган бекітетін Әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізу қағидаларында айқындалады.
27. Әскери колледжде оқуды аяқтамаған білім алушыларға білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
28. Мемлекеттік мекемеден оқудан шығару уәкілетті орган бекітетін Әскери оқу орындарынан оқудан шығару қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Білім алушыны мемлекеттік мекемеде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
29. Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасаудан бас тартқан білім алушылар белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемеден оқудан шығарылуға тиіс.
30. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы қызмет көрсетеді.
31. Мемлекеттік мекемеде бірінші немесе екінші курста оқитын адам ұлан деп аталады.
32. Білім алушы мемлекеттік мекеме бастығының оның оқуын жалғастыру, үшінші курсқа ауыстыру туралы бұйрығы шығарылған күннен бастап әскери қызметші мәртебесіне іе болады және кадеттің ауыспалы құрамының әскери лауазымына тағайындалады.
33. Үшінші курсқа ауыстырылған адамдар әскери ант қабылдайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери колледжде оқу мерзіміне және оны аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сержант құрамы лауазымында әскери қызметтің он жылына келісімшарт жасайды.
34. Ұландарға мемлекеттік мекеменің ішкі күн тәртібінде көзделген көтермелеу мен тәртіптік жаза қолданылады.
35. Кадеттерге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларында белгіленген тәртіппен көтермелеу мен тәртіптік жаза қолданылады.
36. Білім алушылардың ата-анасы мен заңды өкілдері:
1) ата-аналар комитеті арқылы мемлекеттік мекеме басқару органдарының жұмысына қатысады;
2) мемлекеттік мекемеден білім алушылардың үлгеріміне, денсаулығына, мінез-құлқына және оқыту жағдайына қатысты ақпаратты алады.
4-тарау. Мемлекеттік мекемені басқару
37. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.
38. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
2) мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітеді;
3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
4) мемлекеттік мекеменің жарғысын, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;
5) мемлекеттік мекеме басқару органының құрылымын, құру тәртібі мен өкілеттігі мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешім қабылдау тәртібін айқындайды;
6) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны атқаратын лауазымынан босату негізін айқындайды;
7) мемлекеттік мекеменің құрылымын және штат санын бекітеді;
8) мемлекеттік мекеме басшысының ұсынысы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
9) жартыжылдық және жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлікті алуға немесе қайта бөлуге жазбаша келісім береді;
11) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
12) жабдықталым органы арқылы әскери мүлікпен қамтамасыз етеді;
13) материалдық базамен, техникалық оқыту және тәрбиелеу құралдарымен қамтамасыз етеді;
14) осы жарғыда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
39. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік meкеменің басшысын уәкілетті орган лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
40. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, уәкілетті органға тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
41. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалған өз құзыретіне сәйкес мемлекеттік мекеме қызметінің мәселелерін дербес шешеді.
42. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекемеге жүктелген ақпарат қауіпсіздігін және мемлекеттік құпияны құрайтын және таратылуы шектелген мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады.
43. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекеменің жарғылық емес қызметті жүзеге асыруына бағытталған әрекеті еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеледі.
44. Мемлекеттік мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасайды;
4) сенімхаттар береді;
5) мемлекеттік мекеме жеке құрамының демалысы, қызметтік іссапары, жиыны, тағылымдамасы, кәсіби практикасы, қазақстандық және шетел оқу орталықтарында оқыту және біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша жоспарларын бекітеді;
6) банктік шоттар ашады;
7) мемлекеттік мекеменің қызмет уақыты регламентін бекітеді;
8) мемлекеттік мекеменің барлық жеке құрамы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
9) уәкілетті орган тағайындайтын лауазымды адамдардан басқа, мемлекеттік мекеменің жеке құрамын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің жеке құрамына көтермелеу және тәртіптік жазалау шараларын қолданады;
11) өз орынбасарларының және мемлекеттік мекеменің өзге де лауазымды адамдарының міндеттері мен өкілеттігі аясын айқындайды;
12) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады;
13) негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыру кезінде ақпарат қауіпсіздігін, құпиялылық режимін, мемлекеттік құпияның және таратылуы шектелген мәліметтерді қорғауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы жарғыда және уәкілетті орган оған жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкін құру тәртібі
45. Мемлекеттік мекеменің мүлкі заңды тұлғаның активтерінен құралады, олардың құны оның балансында көрсетіледі. Мемлекеттік мекеменің мүлкі:
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен құрылады.
46. Мемлекеттік мекеме оған бекітіліп берілген мүлікті және смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқылы емес.
47. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметі уәкілетті органның бюджетінен қаржыландырылады.
48. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілік ұсынады.
49. Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметіне мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.
6-тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс режимі
50. Мемлекеттік мекеменің жұмыс режимі қызмет уақыты регламентінде белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.
7-тарау. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
51. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу уәкілетті органның шешімі бойынша жүргізіледі.
52. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8-тарау. Республикалық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
53. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.