Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Батыр Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі

    Жалпы ақпарат

    3. Мемлекеттік мекеме «Мемлекеттік мекемелерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына беру және оларды қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 қыркүйектегі № 789 қаулысына сәйкес құрылды.
    4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы мемлекет атынан Қазақстан Республикасы Үкіметі болып табылады.
    5. Уәкілетті орган, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің мүлкіне байланысты құқық субъектісінің функцияларын оған қатысты жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).
    6. Мемлекеттік мекеменің атауы: «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Батыр Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі»» республикалық мемлекеттік мекемесі.
    7. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Ауэзов ауданы, Пятницкого көшесі, 100.

    2. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі

    8. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған бланкілері, мөрлері болады.
    9. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасынан басқа, заңды тұлға құра алмайды, сондай-ақ оның заңды құралтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
    10. Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша иелігіндегі ақшаға жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жетіспеген кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі демеуқаржылық жауапкершілікте болады.
    11. Мемлекеттік мекеме жүзеге асыратын азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енгізіледі.

    3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

    12. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні білім беру қызметі болып табылады.
    13. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік жалпы білім стандарттарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде сержанттар құрамы лауазымындағы келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін, орта топтағы мамандарды дайындау болып табылады.
    14. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
    1) кәсіби және техникалық білім бағдарламаларына сәйкес қатысушыларды оқытуды;
    2) оқу бағдарламалары және жұмыс жоспарларын жасайды;
    3) оқу, материалдық-техникалық, өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық базаны дамытуды және жетілдіруды жүзеге асырады;
    4) оқу-методикалық және тәрбие жұмыстарын дамыту бойынша ұсыныстар енгізеді;
    5) өз құзіреті шегінде білім беру саласында тәжірибе алмасу жөніндегі конференциялар мен семинарлар жұмысына қатысуды;
    6) өз құзіреті шегінде оқу-тәрбие үдерісі мәселелері жөнінде шетел әскери оқу мекемелерімен және ұымдарымен байланысты орнатуды;
    7) өз құзіреті шегінде қолданыстағы лицензияға сәйкес қызметті жүзеге асыруды;
    8) көркем әдебиет және оқу-методикалық, кітаптармен қамтамасыз ету бойынша білім саласында тиісті органдармен бірлесіп жұмыс атқаруды;
    9) ұлттық және жалпы адами қасиеттер, ғылым мен практиканың қалыптасуына бағытталған мемлекеттік және шетел тілдерін, бейіндік пәндер: математика, физика және әскери даярлықты, сондай-ақ күшейтілген дене даярлығын тереңдете оқытуды;
    10) қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды;
    11) тәрбиеленушілерде жоғары адамгершілік, моральді-ерікті және психологиялық қасеттерді дарыту;
    12) тәрбиеленушілерді құқықтық тәрбиелеу, құқықтық сананы, жоғары құқық мәдениетін және тәртіптілікті қалыптастыруды;
    13) салауатты өмір салтына, дене бітімін жетілдіруге қажеттілікті тәрбиелеуді;
    14) іс жүргізуді, қаржылық тіркеу, материалдық құралдар және солар бойынша есептерді жүргізу;
    15) мемлекеттік мекемеде өртке қарсы күзет бойынша іс-шараларды жоспарлау және оны өткізу үшін бақылауды жүзеге асыруды;
    16) мемлекеттік мекемеде қоршаған ортаны қорғау, еңбек және қауіпсіздік техникасы бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды;
    17) оқу, материалдық-техникалық, өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық базаны дамытуды және жетілдіруды жүзеге асырады;
    18) оқу-методикалық және тәрбие жұмыстарын дамыту бойынша ұсыныстар енгізеді;
    19) Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасы шеңберінде ақылы қызметті жүзеге асырады;
    20) көркем әдебиет және оқу-методикалық, кітаптармен қамтамасыз ету бойынша білім саласында тиісті органдармен бірлесіп жұмыс атқаруды;
    21) қорытынды және аралық аттестация, осы білімді қадағалауды жүзеге асырады;
    22) қатысушылардың әрқайсысының табиғи қасеттерінің жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді;
    23) денен шынықтыру мен спорттың құндылықтары мен идеяларын, салауатты өмір салтын, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары (Әлеуметтік) арқылы белсенді насихаттауды қамтамасыз етеді, электрондық және коммуникациялық (радио, теледидар, интернет-ресурстар) қоса алғанда;
    24) ақпарат қауіпсіздігін және мемлекеттік құпияны құрайтын және таратылуы шектелген мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді.
    15. Мемлекеттік мекеме осы жарғыда бекітілген қызмет мәніне және мақсаттарына сәйкес келмейтін қызметпен айналысуға, сондай-ақ мәмілелер жасауға құқылы емес.
    16. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдары немесе құрылтай құжаттарымен айқындалып шектелген қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзіретін бұзумен жасаған мәміле уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
    17. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандарттарына және білім беру қызметіне лицензияға сәйкес күндізгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады және техникалық және кәсіптік әскери білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом беруге құқылы.
    18. Мемлекеттік мекемеге оқуға қабылдау тәртібі уәкілетті орган бекітетін тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
    19. Мемлекеттік мекеме білім беру процесін жұмыс оқу жоспарларына және жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.
    20. Мемлекеттік мекеме негізгі орта білім беру базасында техникалық және кәсіптік білім бері бойынша әскери қызметшілерді үздіксіз даярлауды жүзеге асырады.
    21. Білім беру процесі Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
    22. Әскери колледжде оқыту мемлекеттік не орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
    23. Мемлекеттік мекемедегі оқу жылы 1 қыркүйектен басталады. Ол екі семестрге бөлінеді, олардың әрқайсысы емтихан сессиясымен немесе тест тапсырмаларымен аяқталады. Әрбір семестрдің ұзақтығы, емтихандар өткізілетін пәндер тізбесі және оларды өткізу мерзімі мемлекеттік мекеменің оқу жоспарында айқынадалады.
    24. Мемлекеттік мекемедегі оқу процесі уәкілетті орган бекітетін Әскери оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
    25. Сабақ кестесін мемлекеттік мекеме бастығы не оның орнындағы адам бекітеді.
    26. Әскери колледждің білім алушыларына бақылаудың және аттестаттауыдың барлық түрлерін жүргізу тәртібі уәкілетті орган бекіткен Әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау,аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізу қағидаларында айқындалады.
    27. Әскери колледжде оқуды аяқтамаған білім алушыларға білім беру саласындағыуәкілетті орган бекіткен белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
    28. Мемлекеттік мекемеден оқудан шығару укілетті орган бекітетін Әскери оқу орындарынан оқудан шығару қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.Білім алушыны мемлекеттік мекемеде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
    29. Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасаудан бас тартқан білім алушылар белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемеден оқудан шығарылуға тиіс.
    30. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы қызмет көрсетеді.
    31. Мемлекеттік мекемеде бірінші немесе екінші курста оқитын адам ұлан деп аталады.
    32. Білім алушы мемлекеттік мекеме бастығының оның оқуын жалғастыру, үшінші курсқа ауыстыру туралы бұйрығы шығарылған күннен бастап әскери қызметші мәртебесіне ие болады және кадеттің ауыспалы құрамының әскери лауазымына тағайындалады.
    33. Үшінші курсқа ауыстырылған адамдар әскери ант қабылдайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәкес әскери колледжде оқу мерзіміне және оны аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сержант құрамы лауазымында әскери қызметтің он жылына келісімшарт жасайды.
    34. Ұландарға мемлекеттік мекеменің ішкі күн тәртібінде көзделген көтермелеу мен тәртіптік жаза қоладнылады.
    35. Кадеттерге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғыларында белгіленген тәртіппен көтермелеу мен тәртіптік жаза қоладнылады.
    36. Білім алушылардың ата-анасы мен заңды өкілдері:
    1) ата-аналар комитеті арқылы мемлекеттік мекеме басқару органдарының жұмысына қатысады;
    2) мемлекеттік мекемеден білім алушылардың үлгеріміне, денсаулығына, мінез-құлқына және оқыту жағдайына қатысты ақпаратты алады.

    4-тарау. Мемлекеттік мекемені басқару

    37. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.
    38. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
    1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
    2) мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітіп береді;
    3) мемлекеттік мекеме мүлігінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
    4) мемлекеттік мекеменің жарғысын,оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;
    5) мемлекеттік басқару органының құрылымын, құру тәртібі мен өкілеттігі мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешім қабылдау тәртібін айқындайды;
    6) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын,міндеттерімен жауапкершілігін, оны атқаратын лауазымынан босату негізін айқындайды;
    7) мемлекеттік мекеменің құрылымын және штат санын бекітеді;
    8) мемлекеттік мекеме басшысының ұсынысы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағйындайды және лауазымынан босатады;
    9) жартыжылдық және жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
    10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлікті алуға немесе қайта бөлуге жазбаша келісім береді;
    11) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
    12) жабдықталым органы арқылы әскери мүлікпен қамтамасыз етеді;
    13) материалдық базамен, техникалық оқыту және тәрбиелеу құралдарымен қамтамасыз етеді;
    14) осы жарғыда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген өзге өкілеттікті жүзеге асырады.
    39. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайды қоспағанда,мемлекеттік мекеменің басшысын уәкілетті орган лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
    40. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, уәкілетті органға тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
    41. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалған өз құзіретіне сәйкес мемлекеттік мекеме қызметінің мәселелерін дербес шешеді.
    42. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекемеге жүктелген ақпарат қауіпсіздігін және мемлекеттік құпияны құрайтын және таратылуы шектелген мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады.
    43. Мемлекеттік мекеменің басшысының мемлекеттік мекеменің жарғылық емес қызметті жүзеге асыруына бағытталған әрекеті еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеледі.
    44. Мемлекеттік мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
    1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
    2) мемлекеттік орагандарда және өзге де ұйымдардамемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
    3) шарттар жасайды;
    4) сенімхаттар береді;
    5) мемлекеттік мекеме жеке құрамының демалысы, қызметтік іссапары, жиыны, тағылымдамасы, кәсәби практикасы, қазақстандық және шетел оқу орталықтарында оқыту және біліктілігін арттырудың өзгеде түрлері бойынша жоспарларын бекітеді;
    6) банктік шоттар ашады;
    7) мемлекеттік мекеменің қызмет уақыты регламентін бекітеді;
    8) мемлекеттік мекеменің барлық жеке құрамы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар беріледі;
    9) уәкілетті орган тағайындайтын лауазымды адамдардан басқа, мемлекеттік мекеменің жеке құрамын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
    10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің жеке құрамына көтермелеу және тәртіптік жазалау шараларын қолданады;
    11) өз орынбасарларының және мемлекеттік мекеменің өзге де лауазымды адамдарының мәндеттері мен өкілеттігі аясын айқындайды;
    12) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады;
    13) негізгі міндеттермен функцияларды іске асыру кезінде ақпарат қауіпсіздігін,құпиялық режимін,мемлекеттік құпияның және таратылуы шектелген мәліметтерді қорғауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
    14) Қазақстан Республикасының заңнамасында,осы жарғыда және уәкілетті орган оған жүктеген өзгеде функцияларды жүзеге асырады.

    5-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкін құру тәртібі

    45. Мемлекеттік мекеменің мүлкі заңды тұлғаның активтерінен құралады,олардың құны оның балансында көрсетіледі. Мемлекеттік мекеменің мүлкі:
    1) оған меншік иесі берген мүлік;
    2) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен құрылады.
    46. Мемлекеттік мекеме оған бекітіліп берілген мүлікті және смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзгеде тәсілмен иелік етуге құқылы емес.
    47. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе,мемлекеттік мекеменің қызметі уәкілетті органның бюджетінен қаржыландырылады.
    48. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілік ұсынады.
    49. Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметіне мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.

    6-тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс режимі

    50. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс режимі қызмет уақыты регламентінде және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.

    7-тарау. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

    51. Мемлекеттік мекеменің құралтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу уәкілетті органның шешімі бойынша жүргізіледі.
    52. Мемлекеттік мекеменің құралтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.