ҚР ІІМ Әскери-тергеу департаменті
Әскери-тергеу департаменті – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшесі.
Департамент:
1) Басшылық;
2) Тергеу басқармасы;
3) Жедел басқармасы;
4) Алдын алу және аналитикалық жұмыс тобы;
5) ІІМ-нің Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы, ІІМ-нің Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы, ІІМ-нің Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы, ІІМ-нің Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасынан тұрады.
Міндеттері:
1. Қылмыстық кодекстің (бұдан әрі – ҚК-нің) 18-тарауында көзделген әскери қылмыстық құқық бұзушылық профилактикасы;
2. ҚК-нің 18-тарауында көзделген әскери қылмыстық құқық бұзушылықтардың, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлерінде және әскери құралымдарында шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер, әскери жиындардан өту кезінде запастағы азаматтар, өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты немесе осы бөлімдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персоналының адамдары жасаған басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтардың, Қылмыстық-процестік кодекстің (бұдан әрі – ҚПК-нің) 187-бабына сәйкес ішкі істер органдарының тергеулігіне жататын және ҚПК-нің 193-бабының 1-бөлігінің 12-тармағына сәйкес берілген өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, ескерту, анықтау, ашу;
3. ҚК-нің 18-тарауында көзделген әскери қылмыстық құқық бұзушылықтардың, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлерінде және әскери құралымдарында шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер, әскери жиындардан өту кезінде запастағы азаматтар, өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты немесе осы бөлімдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персоналының адамдары жасаған басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтардың, ҚПК-нің 187-бабына сәйкес ішкі істер органдарының тергеулігіне жататын және ҚПК-нің 193-бабының 1-бөлігінің 12-тармағына сәйкес берілген өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу;
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық қолсұғушылықтардан азаматтардың, ұйымдар мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
5. Әскери-тергеу органдарының қызметін ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету;
6. Әскери-тергеу органдарының өңірлік бөліністерінің қызметін үйлестіру және бақылау, басшылық ету.