Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Дайыр ауылдық округі 1921 жылы құрылды.

    Орталығы - Дайыр ауылы, аудан орталығынан - 25 км., облыс орталығынан - 500 км қашықтықта орналасқан. Дайыр ауылдық округіне Дайыр, Жамбыл, Көкжыра ауылдары қарасты. Округтің жалпы жер көлемі - 78114 га, оның ішінде егіндік - 1680 га, шабындық – 6383 га, жайылымдық – 70051 га. Халық саны- 2513 адам.

    Округтің экономикасының негізін – ауыл шаруашылығы саласы құрайды. 94 шаруа қожалығы, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркелген. Осы шаруа қожалықтардың 53-і мал шаруашылығын, 41-і егін шаруашылығын кәсіп етуде.

    Ауылдық округте ірі-қара малдары 9764 бас, жылқы малы 4167 бас, мүйізді ұсақ малдар 7983 бас, құстар саны 2989 басты құрады.

    Округ аумағында 7 шағын кәсіпкерлік нысандары (5 азық-түлік дүкендері, 2 тойхана) халыққа қызмет көрсетуде. 168 жеке кәсіпкерлер тіркелген.

    Округте 1 балабақша-мектеп кешені, 2 негізгі орта мектепт, 1 жеке меншік бөбекжай-балабақша мен 2 шағын орталық, 1 жанұялық емхана, 2 фельдшерлік пункт, 3 клуб үйі, 1 пошта, 1 кітапхана, 1 учаскелік полиция, 1 ветеринариялық пункт халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, 1 хоккей қорабы, 3 шағын футбол алаңы, 1 ауылдық және 3 мектеп жанындағы спортзалдар бар.