Қызметкерлер — Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округі әкімінің аппараты

    Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округі әкімінің аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Агланбеков Арыслан Орынбасарович
    Қызметкерлер

    Агланбеков Арыслан Орынбасарович

    Аким ГУ "Аппарат Акима Аблакетского сельского округа"

    17 сәуір 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Точка ауылында дүниеге келдім. 1976-1983 жылдар аралығында Точка ауылындағы Амангелді атындағы негізгі мектепте оқыдым. 1984-1985 жылдары Ұлан ауданы Ленинка ауылындағы А.С. Пушкин атындағы орта мектепте оқыдым. 1985 жылы Ұлан ауданы Саратовка ауылындағы ауылшаруашылық техникалық училищесіне түстім. 01.06.1986-30.06.1988 Кеңес Армиясы қатарында қызмет еттім, Қяхта қаласы, Бурят АССР. 01.07.1988-06.07.1994 Уақытша жұмыс істемедім, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Баяш Утепов ауылында тұрдым. 07.07.1994-13.01.1995 «Айдын» шағын жеке кәсіпорнында автослесарь болып жұмыс істедім, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы. 13.01.1995-21.03.2001 «Айдын» шағын жеке кәсіпорнында мастер болып жұмыс істедім, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы. 22.03.2001-09.02.2003 Уақытша жұмыс істемедім, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Баяш Утепов ауылында тұрдым. 10.02.2003-04.06.2012 Амангелді атындағы негізгі мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Баяш Утепов ауылында. 04.06.2012-03.09.2012 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі ГУ «Секторын» уақытша басқарушы болдым, К.Кайсенов ауылында. 03.09.2012-06.01.2014 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі ГУ «Секторын» басқардым, К.Кайсенов ауылында. 06.01.2014-10.11.2014 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі ГУ «Руководитель» болдым, Касыма Кайсенов ауылында. 11.11.2014- қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округінің әкімі болып қызмет етемін, Сагыр ауылында.