Басқарма басшысының орынбасары
«Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ жолаушылар көлігі мәселелері жөніндегі басшының орынбасары
1989 жылғы 31 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Барашки ауылында дүниеге келген. 2011 жылы Өскемен қаласындағы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті оқу орнын «Көлікті ұйымдастыру, қозғалысы және пайдалану» мамандығы бойынша бітіріп, «Көлік бакалавры» біліктілігін алған. 2013 жылы Өскемен қаласындағы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті оқу орнын «Көлікті ұйымдастыру, қозғалысы және пайдалану» мамандығы бойынша бітіріп, «Көлік магистрі» біліктілігін алған. 2017 жылы Өскемен қаласындағы Қазақстан-Американдық еркін университеті оқу орнын «Экономика» мамандығы бойынша бітіріп, «Экономика және бизнес бакалавры» біліктілігін алған.