Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

    Басқарма туралы

    1)сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
    2) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
    3) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыру;
    4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға ықпал етудің әкімшілік шараларын қолдану;
    сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
    5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;
    6) сәулет, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;
    7) жобалау құжаттамасының сапасын қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
    8) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;
    9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.