Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімі

    Бөлім туралы

    Абай облысы білім басқармасының «Үржар ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Абай облысы Үржар ауданы аумағында білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және өз қызметінде «Абай облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне есеп береді және бақылауында болады. Үржар ауданы білім бөлімінің миссиясы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында айқындалған

    Хабарландыру

    Бос орын

    БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ Білім беру ұйымының атауы: Абай облысы білім басқармасының «Ер Төстік» балабақшасы» КМҚК -мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы Бос лауазым: тәрбиеші Бос жұмыс орнының саны: 1 штат бірлігі (уақытша) 0,75 штат бірлігі тұрақты Жұмыс орнының орналасқан жері:Үржар ауылы, Брусиловский к. 1Д. Лауазымдық міндеттері: тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету; балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу және оқыту процесін ұйымдастыру; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асыру; балалардың күн тәртібін ұйымдастыру және сақтау; ойын, шығармашылық, танымдық, қимыл-қозғалыс және басқа да балалар әрекеттерін ұйымдастыру; балалардың жеке дамуына жағдай жасау; заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру; ата-аналармен (заңды өкілдермен) өзара ынтымақтастық орнату; балалардың қауіпсіздігін, санитариялық-гигиеналық талаптардың және еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді сақтау. Біліктілік талаптары: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бағыты бойынша: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім; немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім; немесе тиісті педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат. Жұмыс өтіліне талап қойылмайды. Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес белгіленеді. Кәсіби дағдылары: мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс істей білу; балалардың жас ерекшеліктерін білу; педагогикалық және коммуникативтік құзыреттілік; балалармен қауіпсіз жұмыс жүргізу дағдылары; заманауи педагогикалық технологияларды қолдана білу; ата-аналармен тиімді қарым-қатынас орната білу; цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана білу. Жұмыс жағдайлары: жұмыс уақыты: 08.00 – 18:00; жалақысы: қолданыстағы штаттық кестеге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес; еңбек демалысы: қолданыстағы заңнамаға сәйкес. Қажетті құжаттар: жеке куәлік көшірмесі; білімі туралы дипломның көшірмесі; білімі туралы құжатқа қосымша; еңбек қызметін растайтын құжат (бар болған жағдайда); педагогикалық қайта даярлау туралы құжат (қажет болған жағдайда); жеке іс қағаздарына қажетті өзге де құжаттар. Құжаттарды қабылдау мерзімі:«15»қыркүйек2026 жылдан«23»қыркүйек2026 жылға дейін. Байланыс телефоны: 87079209572 Мекенжайы: Үржар ауылы, Брусиловский к. 1Д.

    Жарияланды:
    Хаттама

    Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы № 2

    Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

    Жарияланды:
    Бағдарлама

    ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИМ

    КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА АРНАЛҒАН«TARBAGATAY ENERGY» ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

    Жарияланды: