Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. Басқарманың негізгі міндеті — апаттардың, оқыс оқиғалардың және өндірістік жарақаттанудың алдын алу, сондай-ақ өндірістік объектілер мен техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудан басқа басқарма 4 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді.