Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдарын пайдалану бөлімі
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдарын пайдалану бөлімі
Автомобиль жолдарын пайдалану бөлімі туралы ереже
1.Жалпы ережелер
- Автомобиль жолдарын пайдалану бөлімі (әрі қарай - Бөлім) Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының (әрі қарай - Басқарма) құрылымдық бөлімі болып табылады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, жоғарғы органдардың нормативтік - құжаттарын, қалалық мәслихаттың шешімдерін, қалалық әкімияты қаулыларын, қалалық әкімінің шешімдері мен өкімдерін, «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін, Басқарма бастығының бұйрықтарын, ішкі еңбек тәртібін және осы ережені басшылыққа алады.
- Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы -- тамыздағы №-- қаулысына сәйкес, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының штат құрылымы бойынша жобалы-сметалық құжаттарды әзірлеу және жол қозғалысын ұйымдастыру бөліміне 3 қызметкер бекітілген:
3.1. бөлім басшысы – 1 бірлік;
3.2. бас маман – 2 бірлік.
2.Автомобиль жолдарын пайдалану және жобаларды әзірлеу бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
- Бөлімнің миссиясы: Қазақстан Республикасының заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін орындау, қалалық мәслихаттың шешімдерін, қалалық әкімдігі қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, Шымкент қаласының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Шымкент қаласының аумағындағы автомобиль жолдары және инфрақұрылым құру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу.
- Бөлімнің міндеттері:
5.1 автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
5.2 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру;
- Бөлімнің функциялары:
6.1 Жоғары органдардан, мекемелер мен ұйымдардан және жеке азаматтардан келіп түскен арыз-шағым, өтініш, хаттармен жұмыс жүргізу;
6.2 Шарттық міндеттемелерді орындау бойынша жұмыстар жүргізу;
6.3 Бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарын жүргізу;
6.4 Автомобиль жолдарын, жер асты, жер үсті өткелдерін салу, қайта құру, күрделі жөндеу, жол айырығын салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін қажетті бастапқы материалдарды, жобалау жұмыстарының барысын қадағалау және жобалық-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптамадан өткізуді жүргізу;
6.5 Бекітілген стандарттар, құрылыс мөлшерлері және ережелеріне сәйкес, қала жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын бақылау;
6.6 Қаланың магистралды және ішкі орамдық көшелерін жөндеу жұмыстарының бағдарламалары мен есептерін даярлау;
6.7 Ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындап жатқан мердігерлерге тапсырмалар береді, берілген тапсырмалардың мезгілінде және сапалы орындалуын қадағалау;
6.8 Қала көшелерінде жер асты коммуникацияларын өткізуге жер қазба жұмыстарына келісім берілуін және заңсыз жүргізіліп жатқан жер қазба жұмыстарын тоқтату;
6.9 Әкімшілік полиция қызметкерлерімен бірлесіп зерттеу жұмыстарының немесе жол бақылаушылардың ескертпелері негізінде жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, жол белгілерін орнату және жол таңбаларын сызу жұмыстарын атқару;
6.10 Қаланың жекелеген аумақтарына көлік құралдарының кіруіне әртүрлі шектеулер енгізу арқылы жол жүрісін ұйымдастырудың арнайы аймақтарын белгілеу;
6.11 Көшелерде жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орналастыру, жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ету;
6.12 Шымкент қаласында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүруіне кедергі келтіретін автомобиль жолдарындағы кез келген жұмыстарды жүргізуге және орнатуға келісім немесе ұсыныс беру;
6.13 Шымкент қаласының көпшілік пайдаланымдағы автомобиль жол бойына заңсыз жасалған көлік құралдарына кедергі келтіретін кез келген құрылғылар мен жұмыстарды алу, қалпына келтірілу;
6.14 Қала меншігіндегі бағдаршам нысандарын, жол белгілерін орнату және күтіп-ұстау жұмыстарын атқарушы мердігерлердің тапсырылған жұмыстарының орындау барысын қадағалау, жұмыс көлемдерін қабылдау. - Жүктелген міндеттер мен функцияларын орындау барысындағы бөлімнің құқықтары:
7.1 жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы қызметтерді жетілдіру туралы қала әкіміне және орындаушы органдарға ұсыныстар енгізу;
7.2 мемелекеттік органдардан және басқада мекемелерден Басқарманың жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатында мәліметтерді сұрату;
7.3 Басқарманың құзіретіне қатысты қала әкімнің өкімін, қала әкімдігінің
7.4 Басқарманың, бөлімнің жұмыс әдісін және түрін жетілдіру туралы ұсыныстар беруге;
7.5 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес басқа да құқықтарды пайдалануға.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
8. Бөлім ҚР заңнамалық актілеріне, ҚР Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
9. Бөлімге тікелей басшылық жасауды басқарма бастығының орынбасары жүзеге асырады.
10. Бөлім басшысы (ол болмаған жағдайда бөлімнің бас маман) бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттерің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
11. Бөлім басшысы басқарманың бастығына құрылымдық бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
12. Бөлім басшысы бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.
13. Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын бас маман қол қояды.