Талдау жұмысы басқармасы

    Жалпы ақпарат
    1. Талдау жұмысы басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті» РММ (бұдан әрі-Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастары мәселелері бойынша ақпаратты жинауды, есепке алуды, жүйелеуді және талдауды қамтамасыз етеді.
    2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Комитет туралы ережені, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі-Министрлік) туралы ережені, Министрліктің регламентін, оның алқасының шешімдерін, Министрдің, аппарат басшысының бұйрықтары мен хаттамалық тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
    3. Басқарманың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Аппаратының басшысы бекітеді.