Азаматтық қорғаныс басқармасы
Функциялар:
1) Басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуге қатысу;
2) Басқарманың құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік актілер мен стандарттардың жобаларын келісу және оларға ұсыныстар енгізу;
3) Басқарманың құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік органдардың, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың, қоғамдық бірлестіктердің жұмысын үйлестіру;
4) Маңғыстау облысының Азаматтық қорғау қызметтерін, азаматтық қорғаудың аумақтық құралымдарын, эвакуациялық комиссиясын құру туралы шешімдерді және оларға қатысты ережелерді әзірлеу және Маңғыстау облысының әкіміне енгізу;
5) Төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға халықты оқытуды ұйымдастыру және жүргізу. Департаменттің оқыту курстарында азаматтық қорғау саласында даярлаудан немесе қайта даярлаудан өткен тыңдаушыларға сертификаттар беру;
6) республикалық курстарда азаматтарды қорғау саласындағы басқару органдары мен мамандарды даярлау бойынша мемлекеттік тапсырыстың іске асырылуын бақылау;
7) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;
8) Маңғыстау облысының Азаматтық қорғаныс жоспарын, босқындарды қабылдау және орналастыру жоспарын, Департаменттің жұмылдыру жоспарын әзірлеу;
9) азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу жөнінде облыс әкімдігіне ұсыныстар дайындау. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалар, ұйымдар тізбесінің есебін жүргізу;
10) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны бойынша бастапқы деректерді беру;
11) Басқарма құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласында әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
12) азаматтық қорғау саласында білімді насихаттауды, халықты оқытуды,
оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізуді жоспарлау және жүзеге асыру;
13) азаматтық қорғау мәселелері және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар бойынша халықты ақпараттандыру, Басқарма құзыреті шегінде насихаттау қызметін жүргізу;
14) облыстың радиациялық, химиялық, биологиялық қауіпті объектілерінің есебін жүргізу;
15) Департаменттің және оның ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;
16) Басқарманың құзыреті шегінде Министрлікке, облыс әкімдігіне ұсыныстар дайындау;
17) жұмылдыру жұмысы жөніндегі Департаменттің жеке құрамымен сабақтарды ұйымдастыру және өткізу;
18) әскери міндеттілерді соғыс уақытында жұмылдыру кезеңіне брондауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақырылуға жататын инженерлік-техникалық қызметкерлерді, жұмысшылар мен қызметшілерді ауыстыру жоспарларын әзірлеу;
19) Департаменттің жаңадан құрылатын бөлімшелеріне арналған ұзақ мерзімді сақтаудың жұмылдыру ресурсы қорларының жинақталуына, сақталуына, мақсаты бойынша пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
20) Басқарманың құзыреті шегінде оқу-жаттығулар мен жаттығулар бойынша материалдар дайындау;
21) Басқарма құзыреті шегінде Департаменттің ведомстволық бағынысты мекемелерінің жұмыстарына әдістемелік басшылықты жүзеге асыру және үйлестіру;
22) халықтың тыныс-тіршілігінің қауіпсіздігі мәселелері бойынша әдістемелік құралдарды, буклеттерді, жаднамаларды әзірлеу және бекіту;
23) Басқарма құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысына материалдар дайындауға қатысу;
24) бюджеттік өтінімдерді дайындауды жүзеге асыру және өз құзыреті шегінде тиісті ұсыныстар енгізу.
- Міндеті: азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
Функциялар:
1) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) азаматтық қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарының нысандарына ұсыныстар енгізу, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелері, сондай-ақ бақылау субъектісіне ( объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері;
4) анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі
іс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
5) су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін азаматтар мен заңды тұлғаларға нұсқамалар беру;
- Құқықтары мен міндеттері:
Негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыру мақсатында, Басқарманың өз құзыреті шегінде құқықтары бар:
1) жергілікті атқарушы органдардан, мемлекеттік органдардан, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардан, қоғамдық бірлестіктерден жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
2) басқарма өз құзыреті шегінде жасайтын ақпараттық-талдау материалдарын дайындау үшін жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік органдардың, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері мен мамандарын тартуға құқылы.
Басқарманың міндеттері:
1) ҚР Конституциясы мен заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау;
2) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент бастығына ұсыныстар енгізуге құқылы;
3) кешенді тексерулер жүргізуге қатысады, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелері жұмысының жай-күйіне тақырыптық тексерулерді жүзеге асырады;
4) талдамалық зерттеулердің, тексерулер мен қызметтік тергеулердің нәтижелері бойынша Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент бөлімшелерінің қызметіне баға беруге міндетті;
5) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар мен кеңестер өткізуге;
6) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент бөлімшелерінің басшыларын тыңдау;
7) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерді зерделеу үшін шығуларды жүзеге асыру.