Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Мемлекеттік бақылау басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу туралы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамалар талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестіреді. Комитеттің аумақтық департаменттерінің қызметтеріне мониторингті жүзеге асырады.

    Міндеті: Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау үшін оның ішінде бағалы металдар мен тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру.

    Функциялары:

    1) Техникалық регламенттредің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді іріктеу, алып қою және кері қайтарып алуды жүзеге асырудың тәртібін белгілейді;

    2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектілерін (объектілерін) және салыстырып тексеру парақтарын таңдау үшін тәуекел дәрежесін бағалаудың өлшемшарттарын жумыстарды жүргізуді үйлестіреді;

    3) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ профилактикалық бақылауды жүргізудің жиынтық тізімін қалыптастырады;

    4) тексерулердің жарамсыздығына байланысты актiнiң күшiн жою және бақылаудың субъектiсiне (объектiсiне) бару арқылы бақылаудың алдын алудың жарамсыздығына байланысты анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшiн жою туралы бақылау субъектісінің арызын қарайды;

    5) мемлекеттік бақылау жүргізу бойынша Комитеттің аумақтық департаменттерінің қызметін үйлестіреді;

    6) Комитеттің аумақтық департаменттерінің бақылау функцияларын жүзеге асыруға мониторинг және талдау жүргізеді;

    7) Комитеттің аумақтық департаменттерінің жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсынсытар дайындау;

    8) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) техникалық регламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау) саласындағы бойынша Консультативтік комитет жанындағы Кіші комитеттердің материалдарын дайындауды ұйымдастырады);

    9) Басқарманың құзыреті шегінде салалық кеңестерді, сараптамалық кіші топтарды, жұмыс топтарын өткізуді ұйымдастырады, оның ішінде Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының оларға қатысуын қамтамасыз етеді;

    10) мемлекеттiк бақылау мәселелерi жөнiндегi халықаралық, өңiрлiк ұйымдар мен ұлттық органдармен келiсiмдердiң, меморандумдардың жобаларын қарайды;

    11) жетекшілік ететін бағыттары бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысады;

    12) жетекшілік ететін бағыттары бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды жоспарлау және мониторингтеу бойынша жұмыстарды жүргізу;

    13) Басқарманың құзыреті шегінде Комитеттің, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген отырыстарына Комитеттің аумақтық департаменттері қызметінің қорытындылары бойынша материалдар дайындайды;

    14) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ЕАЭО техникалық регламенттерін қарауға қатысады;

    15) Комитеттің аумақтық департаменттерінің қызметін бағалау тәртібі бойынша ұсыныс үйлестіреді;

    16) зергерлік бұйымдар мен басқа да бұйымдарды сату саласына мемлекеттік бақылау жүргізу жөніндегі іс-шараларды үйлестіреді;

    17) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектілерін (объектілерін) және тексеру парағын іріктеу үшін тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарын жумыстарды жүргізуді үйлестіреді ;

    18) бақылау объектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізудің жартыжылдық тізімін қалыптастырады;

    19) бақылау объектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізуді үйлестіреді;

    20) бақылау субъектісінің тексерудің жарамсыздығына байланысты актінің күшін жою және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою туралы өтініштерін қарайды және Комитет басшылығына ұсыныстар енгізеді;

    21) Комитеттің аумақтық департаменттерінің қызметіне, оның ішінде сол жерге бару арқылы ішкі бақылау жүргізеді;

    22) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің басшылығына арналған ақпараттар, ұсыныстар, анықтамалар мен басқа да материалдарды дайындауды жүзеге асырады;

    23) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;

    24) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес береді және әдістемелік көмек көрсетеді;

    25) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

    26) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық, өңірлік ұйымдар мен олардың техникалық комиссиялары мен комитеттерінің жұмысына қатысады.

    27) Комитет басшылығына арналған Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттар, ұсыныстар, анықтамалар дайындауды жүзеге асырады;

    28) семинарлар, кеңестер өткізуді, сондай-ақ мамандарды даярлауды, оқытуды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға қатысады;

    29) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;

    30) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес береді және әдістемелік көмек көрсетеді.

    31) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқықтық актілер мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және заңнамаға ұсыныстар әзірлеуге қатысады.