Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы
Функциялары:
1) АҚО жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің кадр саясаты саласындағы шешімдерін іске асырады, оларды төмен тұрған бөлімшелердің орындауын бақылайды, осы қызметтің жай-күйі мен нәтижелері туралы мүдделі мемлекеттік органдарды хабардар етеді, кадр жұмысы мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік және тәжірибелік басшылықты жүзеге асырады;
2) кадрлық қамтамасыз ету мәселелері бойынша құқықтық актілерді әзірлеу кезінде ұсыныстар енгізеді;
3) Қазақстан Республикасының құқық қорғау, әскери, мемлекеттік және азаматтық қызмет туралы заңнамаларын орындау бойынша Департаменттің ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді,
4) кадр жұмысын жетілдіру мәселесі бойынша кеңестер, жұмыстық кездесулер, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар ұйымдастырады және жүргізеді;
5) АҚО кадрлық қамтамасыз ету мәселесіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, бұқаралық ақпарат қүралдарында жариялайды;
6) Басқарма қызметін жоспарлауды жүзеге асырады;
7) Департамент басшылығы жанындағы жедел кеңестерге, стратегиялық және операциялық жоспарларына, жұмыстарына ұсыныстар енгізеді;
8) Департамент басшылығы жанындағы кеңестерге кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін қарау үшін материалдар дайындайды;
9) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) басшылығы жанындағы алқалар мен жедел кеңестер шешімдерінің, басшылық нұсқауларының кадрмен жұмыс мәселелері бойынша орындалуын бақылайды.
- Міндеті: АҚО-да қызметті өткеруді ұйымдастыру.
Функциялары:
1) қызметке кандидаттарды алдын ала зерделеуді және конкурстық іріктеуді ұйымдастырады;
2) АҚО кадрларын жинақтауды, іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, кадрларды қызметке бекіту жөнінде шаралар қабылдайды;
3) мемлекеттік, құқық қорғау және әскери қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату, мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асырады;
5) АҚО қызметкерлерінің және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру;
6) АҚО және әскери қызметкерлерінің әскери және арнаулы атақтарын беру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
7) АҚО шығарылған тұлғаларға зейнетақы тағайындау үшін материалдарды уақтылы және сапалы дайындауды жүзеге асырады;
8) Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы тұлғалардың дербес және статистикалық есебін қалыптастырады, қатардағы және басшы құрамдағы тұлғалардың қызмет өткеруі бойынша архивтік – іздестіру және анықтамалық қызметті ұйымдастырады және жүзеге асырады;
9) АҚО жеке құрамымен қызмет өткеру мәселелерімен байланысты еңбек даулары бойынша материалдарды қарайды;
10) қызметкерлерді марапаттау жұмысын ұйымдастырады;
11) шекті жасына жеткен қызметкерлер мен әскери қызметшілер бойынша жыл сайынғы мониторингті жүзеге асырады;
12) Департаменттің АҚО аттестаттауды өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
13) мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты құжаттарды ресімдейді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде ТЖМ мемлекеттік әкімшілік қызметшілері бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында («Е-Ќызмет» ақпараттық жүйесі) есепке алуды жүзеге асырады;
14) кадрлармен жұмыс бойынша жиынтық есептер мен мәліметтерді зерделейді және талдайды, олардың негізінде ақпараттық-талдау материалдарын дайындайды, мүдделі мемлекеттік органдарға және Министрліктің бөлімшелеріне белгіленген нысан бойынша тиісті статистикалық есептілікті ұсынады;
15) АҚО қатардағы және басшы құрам лауазымдарына тағайындалған және тиісті тәртіпте әскери есептен алып тасталған әскери міндеттілердің арнайы есебін жүргізу.
- Міндеті: АҚО жүйесінде ведомстволық білім беру саласындағы саясатты іске асыру.
Функциялары:
1) белгіленген уақыттарда АҚО қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жоспарлайды және ұйымдастырады, сондай-ақ АҚО қызметіне талапкерлерді алғашқы кәсіби оқытуды ұйымдастырады, осы жұмысқа ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық пен бақылау жүзеге асырады;
2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарға қажеттілікті зерделейді және Министрліктің Көкшетау техникалық институтында мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) Көкшетау техникалық институты мен шет елдердің білім беру ұйымдарына оқуға кандидаттарды іріктеу бойынша кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады;
4) АҚО-да бес жыл жұмыс істемеген Министрліктің Көкшетау техникалық институтының түлектерін АҚО-дан босату жөніндегі материалдарды қарайды, олардың есебін жүргізеді, сондай-ақ олардан оқуға жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
- Міндеті: жүйелі кәсіби қызметтік жұмысты ұйымдастыру АҚО қызметкерлерінің дене шынықтыру даярлығы.
Функциялары:
1) АҚО қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру, қамтамасыз ету және бақылау;
2) аттестаттауды өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру, Департамент қызметкерлерінің сыныптық біліктілігін айқындау, АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, арттыру, растау, төмендету және алып тастау тәртібін есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады;
3) саптық дайындықты, жеке құрамға, оның ішінде киімнің маусымдық нысанына ауысу кезінде саптық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
4) АҚО-да қызметтің кәсіби дәстүрлерін сақтау және дамыту бойынша жұмысты ұйымдастырады;
5) АҚО-да спорттық-бұқаралық жұмысты ұйымдастыру, чемпионаттарды, спартакиадаларды, спорттың қызметтік-қолданбалы түрлері бойынша республикалық турнирлерді ұйымдастыру мәселелері бойынша "Өрт сөндірушілердің спорт федерациясы" ҚБ-мен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
- Міндеті: АҚО-да идеологиялық жұмысты ұйымдастыру.
Функциялары:
1) жеке құрам арасындағы идеологиялық жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
2) қызметкерлерде азаматтықты, патриотизмді, жоғары имандылық, психологиялық, іскерлік және өзге де қажетті қасиеттерді, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де құқықтық актілерін сақтауға, қызметтік борышын орындауға саналы және адал көзқарасты қалыптастыру, анттың және жарғылардың талаптарын, бастықтар мен командирлердің бұйрықтарын (нұсқауларын) қатаң және нақты орындаудың саналы қажеттілігін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
3) идеологиялық даму мәселелері бойынша ардагерлер ұйымдарымен өзара
іс-қимыл жасайды;
4) АҚО-да дәстүрлер тарихын сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады, АҚО қызметкерлерінің мемлекеттік-құқықтық дүниетанымын қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, АҚО қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері үшін мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастырады;
5) АҚО-да салтанатты, мерекелік және естелік іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
6) қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан АҚО қызметкерлерінің ерліктерін есте сақтау және насихаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
7) АҚО тәлімгерлер кеңестерінің, офицерлік, сержанттық жиналыстардың және әйелдер кеңестерінің қызметін бақылауды және ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
8) АҚО қызметкерлерінің беделі мен абыройын арттыруға бағытталған АҚО қызметін насихаттайды;
9) АҚО ведомстволық музейлерінің қызметін ұйымдастырады және мәдени құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді;
10) Департаменттің тұрғын үй комиссиясының жұмысын ұйымдастырады.
- Міндеті: АҚО-ның жобалық қызметін ұйымдастыру.
Функциялары:
- Департаменттің қызметтерімен бірлесіп, АҚО жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
2) АҚО жүйесін дамыту саласында азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
3) АҚО қызметіне отандық және халықаралық оң тәжірибені енгізу бойынша ұсыныстарды зерделейді, жинақтайды және енгізеді.
- Міндеті: АҚО жүйесінде бірыңғай ұйымдастырушылық -штаттық саясатты іске асыру.
Функциялары:
- АҚО ұйымдастырушылық - штаттық жұмысын ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етуді, ұйымдастырушылық-штаттық тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. АҚО жүйесінде ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар жүргізу қағидаларын әзірлейді;
- Департаменттің қызметтерімен бірлесіп:
қосымша штат санын енгізу, қолда бар штаттарды ұтымды пайдалану мақсатында қайта бөлу жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
- Міндеті: азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің заңдылықты және тәртіпті бұзуының алдын алу.
Функциялары:
1) азаматтық қорғау органдарының жеке құрамы арасында заңдылық пен тәртіпті бұзушылықтарды анықтауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;
2) жеке құрам арасындағы төтенше оқиғалардың алдын алу бойынша іс-шараларды жүргізеді;
3) өз құзыреті шегінде жеке құрам арасында еңбек заңнамасының және АҚО-да қызмет өткеру туралы заңнама тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді;
4) тәртіпті нығайту және заңдылықты сақтау мәселелері бойынша қызметтер мен бөлімшелердің басшыларына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді;
5) азаматтық қорғау органдарының басшыларына бағынысты бөлімшелерде тәртіпті нығайту және заңдылықты сақтау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
6) Департаменттің тәртіптік комиссияларының жұмысын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
7) қызметкерлердің, әскери қызметшілердің, мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің заңдылықты және төтенше оқиғаларды бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерулер мен тергеулер жүргізуді жүзеге асырады;
8) Департамент басшылығының нұсқауы бойынша қызметтік ғимараттар мен аумақтарды күзету режимін тексеруді жүзеге асырады.
- Басқарма Қазақстан Республикасының мемлекеттік және құқық қорғау қызметі саласындағы заңнамасында айқындалатын кадрлық қамтамасыз ету бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.
Департаментке оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.
- Басқарманың құқықтары мен міндеттері:
Басқарма өз құзыреті шегінде мыналарға:
1) өзіне заңнамамен және осы Ережемен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді АҚО-ның басқа бөлімшелерінен сұратуға және алуға;
2) АҚО органдары бөлімшелерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар беруге;
3) Министрліктің қызметтері мен басқа да мемлекеттік органдарда өткізілетін кеңестерге, семинарларға қатысу үшін қызметкерлерді жіберуге;
4) жекелеген жұмыстарды жүзеге асыру үшін, оның ішінде шарттық негізде ғалымдар мен мамандарды тартуға;
5) белгіленген тәртіппен кеңестер, жұмыс кездесулерін, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткізуге;
6) «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ кадр бөлімшесінің есебін, ал Департамент басшылығының келісімі бойынша Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің есептерін тыңдауға;
7) қызметкерлер тарапынан құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарламаларды қарауға;
8) белгіленген тәртіппен Департаменттің бөлімшелеріндегі қызметтік тергеу, адамдарды компьютерлік есепке алу материалдарымен, өзге де материалдармен танысуға;
9) тәуліктің кез келген уақытында азаматтық қорғау органдары мекемелері мен бөлімшелерінің және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың барлық ғимараттары мен үй-жайларына қызметтік куәлігін көрсетіп кедергісіз кіруге немесе іргелес аумаққа қызметтік автокөлікпен кіруге. Басшылар мен қызметкерлерден қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету және нығайту жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде жан-жақты жәрдем көрсетуді талап етуге;
10) іс жүргізіліп жатқан қызметтік тексеру материалдары бойынша қызметкерлерді және өзге де адамдарды шақыруға, олардан түсініктемелер, құжаттар, олардың көшірмелерін алуға, сауалнама жүргізуге;
11) өзіне жүктелген функцияларды іске асыру үшін құзыреті шегінде өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Басқарманың міндеттері:
1) Министрліктің алқа шешімдерінде, жоспарларында көзделген іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
2) Департаменттің аппараттық кеңестерінің, алқа отырыстарының материалдарын дайындауға қатысуға;
3) іс қағаздарын жүргізуді, құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі
іс-шараларды қамтамасыз етуге міндетті;
4) қойылған міндеттерге сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттер белгіленеді.