Жеке құраммен жұмысы жөніндегі басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Басқарма өз құзыреті шегінде оған жүктелген міндеттер мен функцияларды атқаратын ҚАЖ комитетінің құрылымдық бөлінісі болып табылады.

    1. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге нормативтік құқықтық актілерді, жедел кеңесі шешімдерінің нормаларын, Ішкі істер министрінің және ҚАЖ комитеті төрағасының және олардың орынбасарларының (бұдан әрі - Басшылық) бұйрықтарын және нұсқауларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
    2. Басқарманың құрылымы, штаттық санын ҚАЖ комитетінің штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді.
    3. Басқарма:

    1) басқарма бастығы;

    2) басқарма бастығының орынбасары;

    3) аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі;

    4) аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі;

    5) аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі;

    6) аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі;

    7) аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі;

    8) тергеу изоляторлары тобының аса маңызды істер жөніндегі

    аға жедел уәкілі;

    9) ведомстволық өрт күзеті тобының бас маманы;

    10) аға жедел уәкілі;

    11) аға жедел уәкілі;

    12) тергеу изоляторлары тобының аға жедел уәкілі;

    Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары

    Міндеті:

    1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде (бұдан әрі – ҚАЖ мекемелері) режим, қадағалау және күзетті қамтамасыз ету бойынша аумақтық ҚАЖ бөліністерінің қызметтерін бақылау және үйлестіруді жүзеге асыру.

    2) ҚАЖ мекемелерінде өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша аумақтық ҚАЖ бөліністерінің қызметтері бақылау және үйлестіруді жүзеге асыру.

    3) Күзетпен ұстау немесе бас бостандығынан айыру орындарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген режимдi ұстап тұру бөлігінде аумақтық ҚАЖ бөліністерінің жедел-іздестіру кызметін ұйымдастыру және бақылау.

    4) Күзетпен ұстау немесе бас бостандығынан айыру орындарындағы күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталғандардың, персоналдың және өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде аумақтық ҚАЖ бөліністерінің жедел-іздестіру кызметін ұйымдастыру және бақылау.