Сумен жабдықтау және су бұру басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Басқарманың негізгі міндеті елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

    Қойылған міндетті шешу үшін басқарма келесі функцияларды жүзеге асырады:

    1) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін мониторингілеу және талдау, салааралық үйлестіруді қалыптастыруға және жүргізуге қатысу;

    2) мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік даму бағдарламаларын әзірлеуге және келісуге қатысу;

    3) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің, сарқынды суларды су бұру жүйелеріне қабылдаудың және елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдаланудың мониторингі;

    4) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету;

    5) ауыз судың құнын субсидиялауды жүзеге асыру;

    6) елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын әзірлеу;

    7) елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидаларын әзірлеу;

    8) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлеу;

    9) есептеу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың коммуналдық қызметтерін тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын әзірлеу;

    10) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау тәртібін әзірлеу;

    11) қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенімгерлік басқаруға беру тәртібін әзірлеу;

    12) сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есептеу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларын әзірлеу.