Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ішкі әкімшілендіру басқармасы
Жалпы ақпарат
Басқарманың негізгі міндеттері - құпия емес іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, хат-хабарларды қабылдау, өңдеу және тарату, оның ішінде электрондық құжатайналымын жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізуді ұйымдастыру, электрондық үкімет порталы арқылы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды үйлестіру, мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуын қамтамасыз ету, бекітілген номенклатураға сәйкес құжаттарды өңдеу мен сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ Комитетті шаруашылық және функционалдық қамтамасыз ету бөлігінде әкімшілендіру.