Мемлекеттік резервті есепке алу, бақылау және шығару басқармасы
Мемлекеттік резервті есепке алу және бақылау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Басқарма өз қызметінде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының сапалық және сандық сақталуын есепке алу мен бақылау, мемлекеттік резервтің сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын бақылау міндеттерін шешеді. Сондай-ақ министрліктермен және ведомстволармен, өзге де орталық атқарушы органдармен және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарымен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен жұмыстарды жетілдіруге бағытталған ұйымдастырушылық, әдістемелік және ақпараттық байланысты жүзеге асыруды қамтамасыз ету міндеттерін шешеді. Басқарма өз құзыреті шегінде жұмылдыру резерві материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау бойынша шығыстар көлемі мен құрылымы жөнінде Үкіметке ұсыныстар енгізеді.
Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы», «Азаматтық қорғау туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңдарын, «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі Қаулысын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.