Техникалық реттеу үйлестіру басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Техникалық реттеу және халықаралық ынтымақтастық басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Міндеті: техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

    Функциялары:

    1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамыту және жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

    2) өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және келіседі;

    3) мемлекеттік органдармен бірлесіп мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламаларын (ұлттық жобаларды) әзірлеуге қатысады және құзыреті шегінде олардың орындалуын үйлестіреді;

    4) ұлттық техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды әзірлейді, оларды іске асыруды үйлестіреді;

    5) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және техникалық реттеу жөніндегі заңнаманың мақсаттарына сәйкес келуіне жобалар мен техникалық регламенттерге талдау ұйымдастырады және сараптама жүргізеді;

    6) Техникалық реттеу және метрология жөніндегі ведомствоаралық комиссия – консультативтік-кеңесші органның жұмысын ұйымдастырады және қабылданған хаттамалық шешімдердің орындалуына мониторингті жүзеге асырады;

    7) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы Сараптамалық Кеңестердің жұмысына қатысады;

    8) техникалық реттеу жөніндегі Үйлестіру орталығының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;

    9) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің басшылығына арналған ақпараттар, ұсыныстар, анықтамалар мен басқа да материалдарды дайындауды жүзеге асырады;

    10) мемлекеттік органдардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жетекшілік ету бағыты бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

    11) семинарлар, кеңестер, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мамандар даярлау, оқыту және біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға қатысады;

    12) Басқарманың құзыреті шегінде государственный органға бағынысты ұйымдардың қызметін талдайды;

    13) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;

    14) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес береді және әдістемелік көмек көрсетеді;

    15) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, заңнаманың жобаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады;

    16) Басқарма құзыреті шеңберінде Комитет басшысының басқаруына жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

    Міндеті: техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру

    Функциялары:

    1) экономиканың түрлі салаларында техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

    2) Басқарманың құзыреті шеңберінде техникалық реттеу мәселелері бойынша салалық мемлекеттік бағдарламаларды (ұлттық жобаларды) орындау жөніндегі ақпаратты дайындайды.