Техникалық реттеу және нормалау басқармасы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Техникалық реттеу және нормалау басқармасының негзгі функциялары:
- ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы ұсыныстарды әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде, тұрғын үй-коммуналдық салаларда ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
- мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді және өз құзыреті шегінде олардың іске асырылуын жүзеге асыруды ұйымдастыру;
- мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде, тұрғын үй-коммуналдық салада орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді бекіту;
- индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық салаларында мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді, бекітуді, қолданысқа енгізуді және жоюды ұйымдастыру;
- техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
- объектілерді жобалауға арналған арнайы техникалық шарттарды қарау және келісу;
- құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттердің, стандарттардың және өзге де құжаттардың қорларын жүргізу;
- стандарттар мен өзге де құжаттарды әзірлеу жөніндегі жоспарлар мен бағдарламаларды дайындау және іске асыру және оларды халықаралық нормалар мен талаптармен үйлестіру;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік техникалық құжаттардың тізбесін қалыптастыру және жүргізу;
- Қазақстан Республикасының құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін реформалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
- мемлекеттік нормативтерді әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (қолданылуын тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларын әзірлеу;
- реттелетін салада цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.