Тарифтік реттеу басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Тарифтік реттеу басқармасы Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Міндеті Кеден одағының кеден заңнамасының, орындалуын бақылау мемлекеттік кіріс органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН) сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасын өзектендіру, ЕАЭО СЭҚ ТН практикалық қолдануда ұйымдастыру. Тауарлардың шығарылған елін және сыныптамасын айқындаудың дұрыстығын бақылау, сондай-ақ Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты Кеден одағының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тарифтік реттеу шараларының сақталуы. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты арнайы , демпингке қарсы және өтемақы баждарының, алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарының ставкаларының қолданылуын бақылау. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктердің берілуін, халықаралық келісімдерге, кеден заңнамасына сәйкес берілуін бақылау. Кедендік баждардың салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу бойынша бақылау, ақшаны уақытша орналастыру шоттарында есепке алу және бақылау және кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің өзге де шаралары. Тауарлардың кедендік құнын анықтаудың дұрыстығын бақылау