Кедендік бақылау басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының және орындалуын бақылау мемлекеттік кіріс органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету; өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру; кеден өкілдерінің, кеден тасымалдаушыларының, еркін қоймалардың, уақытша сақтау қоймаларының , кеден қоймаларының, өз тауарларын сақтау қоймаларының, уәкілетті экономикалық операторлардың және бажсыз сауда дүкендерінің иелерінің қызметіне бақылауды жүзеге асыру . Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде кеден органдары қабылдайтын зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету . Тарифтік емес реттеу және экспорттық бақылау шараларының қолданылуын бақылау. Тыйымдар мен шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету . Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кедендік транзиттің және тауарларды әкетудің кедендік рәсімінің қолданылуын бақылауды ұйымдастыру. Уақытша сақтауға орналастырылған тауарлармен кедендік операцияларды ұйымдастыру және жүргізу. ҚР кеден органдарында пайдаланылатын кедендік бақылаудың техникалық құралдарын (бұдан әрі - ТСТК) қолдану және олардың жұмысқа қабілеттілігі жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.