Кедендік әкімшілендіру басқармасы
Орындалуын бақылау Департаментке жүктелген Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасын сақтау, мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу; ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру; кедендік рәсімді қолдану, Кедендік транзит кедендік рәсімін қолдану және тауарларды ЕАЭО кедендік аумағынан тыс жерлерге әкету алдындағы операциялардың жүргізілуіне бақылауды ұйымдастыру; басқа мемлекеттердің кеден органдарымен ақпарат алмасуды қамтамасыз ету; тауарларды кедендік декларациялауға, кедендік ресімдеуге және шығаруға байланысты кедендік операцияларға, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, бақылауды қамтамасыз ету; ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кедендік рәсімдер шарттарының, оның ішінде тауарлар ЕАЭО тауарлары мәртебесіне ие болмайтын тауарларды орналастыру кезінде сақталуын қамтамасыз ету; тауарлар мен көлік құралдарының жекелеген санаттарын кедендік декларациялаумен, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып кедендік операцияларды бақылау; мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын қамтамасыз ету