Кедендік әкімшілендіру басқармасы
Орындалуын бақылау Департаментке жүктелген Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасын сақтау, мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу, өз құзыреті шегінде ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру. Кедендік рәсімді мәлімдеу алдындағы операциялардың жүргізілуіне, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуына және тауарларды ЕАЭО кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетуге бақылауды ұйымдастыру, басқа мемлекеттердің кеден органдарымен ақпарат алмасуды қамтамасыз ету, кедендік декларациялауға, кедендік тазартуға және тауарларды шығаруға, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып шығаруға байланысты кедендік операциялардың жасалуына бақылауды қамтамасыз ету, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оның ішінде тауарлар кедендік рәсімдерден өту кезінде ЕАЭО тауарлары мәртебесіне ие болмайтын кедендік рәсімдер шарттарының сақталуын қамтамасыз ету. Тауарлар мен көлік құралдарының жекелеген санаттарын кедендік декларациялауға байланысты, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып кедендік операциялардың жасалуын бақылау, мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету.