Кедендік әкімшілендіру басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету және Департаменттің құзыреті шегінде кедендік және өзге мемлекеттердің уәкілетті (мемлекеттік) органдарымен, шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен, кедендік бақылау мәселелері бойынша ЕАЭО мүше мемлекеттерінің кеден қызметтерімен ынтымақтастықты жүзеге асыру.

    Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына қатысты және Департаменттің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға уақытылы ақпарат беріп, консультация беріп отыру.

    Кедендік бақылау аймақтарын құру бойынша жұмысты ұйымдастыру.

    Бақылау-өткізу пункттерінде көлік құралдарының жүруінің технологиялық сызбаларын сақтауды бақылау және әзірлеу бойынша әдістемелік көмек көрсету.

    «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 202-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарлардың сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынумен байланысты шартты түрде шығарылған тауарларды әкімшілендіру.

    Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және шет мемлекеттердің басқа құзыретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден ісі мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

    Басқарманың құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс қозғау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулылардың орындалуын бақылау;

    Өз құзыреті шегінде ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру;

    Кедендік бақылауды жүзеге асыруға байланысты кедендік операциялар мәселелері бойынша және Басқарманың құзыретіне кіретін басқа мәселелерімен кеңсенің және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және Басқарманың құзыретіне кіретін басқа мәселелер;

    Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру;

    Басқарманың құзыретіне кіретін кедендік бақылау мәселелері мен халықаралық ынтымақтастық процестері бойынша өзара іс-қимыл жасау жыне қатысуды қамтамасыз ету.

    Кеден органдары кедендік операцияларды жасау кезінде қабылдаған зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды сақтау;

    Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдерге орналастыруға байланысты кедендік операциялар кезінде зияткерлік меншік құқығын қорғау жөніндегі іс-шаралардың сақталуын бақылау;

    Тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылау;

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және басқа ұйымдармен өзара әрекеттесу;

    Кедендік транзит пен тауарларды ЕАЭО кедендік аумағынан тысқары жерге әкетудің кедендік рәсімін қолдануды бақылауды ұйымдастыру;

    1975 жылғы Кедендік конвенцияға сәйкес жылжытылған тауарлар мен көлік құралдарын бақылау;

    Тағайындалған кеден органына тауарлар мен көлік құралдары жеткізілмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының және ЕЭО-ның кедендік заңнамасында көзделген шаралардың қабылдануына бақылауды үйлестіру;

    Қазақстан Республикасының аумақтық кеден органдарымен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарымен ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;

    Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес ресімделген және «Астана-1» АЖ-ға ақпарат енгізетін кедендік декларациялардың электрондық көшірмелерін қалыптастырудың дұрыстығына ақпараттық технологияларды қолдана отырып бақылауды жүзеге асыру.

    Кедендік декларациялауға байланысты кедендік операциялардың орындалуын бақылау.

    Кедендік декларацияны толтыру дұрыстығын бақылау;

    Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, сондай-ақ Департаменттің құрылымдық бөлімшелері ұсынған есептілік деректерін пайдалана отырып, әрекеті аяқталмаған кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарларды бақылау;

    Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен келетін, кедендік декларациялауға, кедендік рәсімдерді қолдануға және бақылауға байланысты кедендік операцияларды жүргізу туралы талдамалық және есептік ақпаратты жинау және жалпылау;

    Басқарманың құзыреті шегінде құрылымдық бөлімшелерге тексеру жүргізу және қатысу;

    Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің кедендік рәсімдерді бақылау кезінде тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын бақылау;

    тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру шартының сақталуын бақылау;

    Кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жүргізу технологиясы мен әдістемесін жетілдіру, соның ішінде тауарлар Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары мәртебесін иемденбейтін жағдайда кедендік рәсімдердің талаптарын сақтау;

    Басқарманың құзыретіне кіретін басқа мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары үшін кедендік декларациялауға, кедендік рәсімдерді қолдануға және бақылауға байланысты кедендік операциялар мәселелері бойынша оқыту және семинарларына (тренингтерге) қатысу.

    Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тәуекелдер профилдерін әзірлеу;

    Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағдарламалық өнімдерді әзірлеуге және енгізуге қатысу;

    Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтау.

    Басқарманың құзыретіне кіретін кедендік декларациялау мәселелері бойынша кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тексеруді жүзеге асыруға қатысу;

    кедендік декларациялау мәселелері бойынша кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтау.

    тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік операцияларды ұйымдастыру және бақылау;

    өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік инфрақұрылымды жақсарту бойынша өткізу пункттерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

    оларды өткізу санаттарына сәйкес өткізу пункттерінде қажетті инфрақұрылымды құру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

    Өткізу пункттерінде интегралды бақылауды ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестіру және бақылау.

    Бөлінетін және радиоактивті материалдарды кедендік бақылауды ұйымдастыруды үйлестіру.

    Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын тиімді пайдалану жөніндегі шараларды жүзеге асыру.