Статистика және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіру басқармасы
Басқарма жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың түрін, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың мемлекеттік үлгідегі нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, ЖЖОҚБҰ қызметінің үлгілік қағидаларын, Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын әзірлеу, маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтардың жұмысты өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе міндетін тоқтату қағидаларын әзірлейді, ЖЖОҚБҰ статистикалық көрсеткіштерін жинау және өңдеу, сондай-ақ білім алушылар контингентінің қозғалысын, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша сүйемелдейді, ЖЖОҚБҰ салауатты өмір салтын және жаппай студенттік спортты дамыту жөніндегі қызметін үйлестіреді.
Басқарманың байланыс телефондары: 8 (7172) 74-16-24, 74-23-52, 74-20-67.