Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы
Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы баға белгілеу мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асырып келесі функцияларды жүзеге асырады:
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің қызметін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз ету;
құрылыстағы баға белгілеу мен сметалық нормалар бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту;
құрылысқа енгізіліп жатқан жаңа технологияларды талдау арқылы қолданыстағы сметалық-нормативтік құжаттарды жаңарту;
сметалық-нормативтік базаның ағымдағы жағдайын, құрылыс ресурстарына арналған ағымдағы бағаларды мониторингілеу және баға белгілеу шеңберінде ағымдағы бағалардың жинақтарын бекіту;
мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілердің құрылысы саласындағы баға белгілеу және экономика бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;
құрылыстағы жаңа технологиялардың Бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және жүйелі түрде жаңарту;
құрылысқа енгізіліп жатқан жаңа технологияларды талдау арқылы қолданыстағы сметалық-нормативтік құжаттарды жаңарту;
технологиялық карталарды әзiрлеу, бекіту және қолданысқа енгізу.