"Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" ММ

    бөлім туралы

    Функциялары:

    Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға;

    Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын қолдауға, Мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға және Қазақстан Республикасының беделін түсіретін және мемлекеттік қызмет мүдделеріне қайшы келетін іс-әрекеттерге жол бермеуге;

    Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етеді;

    Тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізеді және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға есептілік ұсынады;

    Кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімі субсидияларының нормативін әзірлеуді жүзеге асырады;

    Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады;

    Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде өзінің интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастырады;

    Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау бойынша шараларды жүзеге асырады;
    ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

    Асыл тұқымды малдың мемлекеттікт іркелімін жүргізеді және басып шығарады;

    Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

    Бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқымулағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асырады;

    Астық қабылдау кәсіпорындарына келесі бақылауды жүзеге асырады:
    бекітілген кестеге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайын тексереді; астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін ресімдейді;
    астық қол хаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асырады;

    Астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есептідеректерге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;

    Астық қол хаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) оданайыру туралы ұсыныстарды облыстың жергілікті атқарушы органына енгізеді;

    Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
    уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізеді;

    Тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханаларға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізеді;

    рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;

    ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
    пестицидтерді (улыхимикаттарды) өндіру (формуляциялау);

    пестицидтерді (улыхимикаттарды) өткізу;

    пестицидтерді (улыхимикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдер мен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялайды;

    карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат береді;

    уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша тиiстi аумақтарда карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiм қабылдауды ұйымдастырады;

    агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
    сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзарасақтандыру туралы заңнамасының және осы Заңның талаптарын сақтамауы туралы істерді қарайды;

    агенттен өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылардың тиiстi аумақтағы сақтандырылған өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi көрсетiлген тiзбесiн сұратады;

    өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан сұратады және алады;

    өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсынун ысаны мен мерзiмдерiн белгiлейдi;

    Егін шаруашылығы бөлімінің қызметін ұйымдастыру

    Бөлімді ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайтын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

    Бөлім басшысы бөлімніңқ ызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жауапты болады.