Су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасы
Басқарманың міндеттері:
1) су ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша үйлестіруді қамтамасыз етуге қатысады;
2) өз құзыреті шегінде аумақтық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;
3) өз құзыреті шегінде Комитетке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Басқару функциялары:
1) өз құзыреті шегінде су қорын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысады;
2) Басқарманың құзыреті шеңберінде су қорын ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
3) су объектілерінің бассейндері бойынша табиғат қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық су жіберу көлемін белгілейді;
4) бассейндік схемаларға сәйкес бассейндер мен облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде он жылдық кезеңге су пайдалану лимиттерін әзірлейді;
5) су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келіседі;
6) су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемені әзірлейді;
7) жалпы су пайдаланудың үлгілік қағидаларын әзірлеуге қатысады;
8) арнайы су пайдалануға рұқсат алуға өтініш нысанын және арнайы су пайдалануға рұқсат нысанын әзірлейді;
9) су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру тәртібін айқындайды;
10) су ресурстарын және су шаруашылығы баланстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндік схемаларын әзірлеу және бекіту тәртібін айқындауға қатысады;
11) су объектілерін және ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдалану режимін бекітеді;
12) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су қатынастарын реттеу, трансшекаралық суларды ұтымды пайдалану және қорғау мәселелері бойынша шектес мемлекеттермен ынтымақтастыққа қатысады;
14) су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас схемасын әзірлеуге қатысады;
15) су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейндік схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзірлеуге қатысады;
16) өз құзыреті шегінде су қорын пайдалану және қорғау саласында жобалау, іздестіру, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;
17) Басқарма құзыреті шеңберінде су қорын ұтымды пайдалану және қорғау ісінде халықты ағарту және тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
18) Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі жұмыс органының жұмысына қатысады, реттелетін салалардағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда нормативтік құқықтық актілерді келісуден өтуге қатысады;
19) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін қарайды;
20) Басқарма қызметінің бағыты бойынша нормативтік құқықтық актілерге (ҚР Үкіметінің қаулылары, Министрліктің бұйрықтары) мониторинг жүргізеді;
21) заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.