Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті реттеу басқармасы
Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті реттеу басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Міндеті: атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Аталған міндеттерді іске асыру мақсатында басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады:
реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;
адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктердің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды;
атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
көлік буып-түю жиынтықтарының конструкцияларын бекітеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен оларға рұқсат-сертификаттардың қолданылуын таратады;
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін атом энергиясын пайдалану объектісінің атом энергиясын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ядролық, радиациялық талаптарға сәйкестігін растау әдістері мен тәсілдеріне қатысты әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуді жүргізеді;
ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді;
құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.