Реттеу саясаты басқармасы

    Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы реттеушілік саясат басқармасы

    Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау мемлекеттің білім алу құқығын және білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау нысандары:

    - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;

    - білім алушылардың тиісті оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейі.

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 3-тармағына сәйкес білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

    Сот төрелігі академиясында, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар немесе даярлау бағыттары бойынша жүзеге асырылады.