ҚР МАМ Ақпарат комитетінің Телерадио хабарларын тарату саласындағы жобаларды дамыту басқармасы
Жалпы ақпарат
Цифрлық эфирлік хабар таратуды енгізу бөлігінде телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының қызметін үйлестіреді. Телерадио хабарларын тарату мақсатында жиілік белдеулерін, радиожиілікті (радиожиілік арналарын) бөлу, міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және оны бекіту, телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және оны бекіту бойынша конкурстар ұйымдастырады және өткізеді. Телерадио хабар таратуды дамыту мәселелері жөніндегі Комиссияның жұмысын қамтамасыз етеді.