ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті Жергілікті желіні дамыту басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Басқарма міндеттері:

    - облыстық және аудандық маңызы бар автожол саласындағы жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіруге қатысады;

    - облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану жай-күйін бағалауды, автомобиль жолдарын есепке алуды жүзеге асырады;

    - облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атауын, индекстерін және тізімін келіседі;

    - жоспарлау кезеңіне жергілікті инвестициялық жобалардың тізімі бойынша ұсыныстар жасайды;

    - облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша атқарылған жұмыстарға талдау жүргізеді;

    - облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеуге ведомстволық сараптаманы келіседі;

    - заңнамамен белгіленген тәртіпте өзге де міндеттерді орындайды.