Рұқсат беру саясаты басқармасы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Рұқсат беру саясаты басқармасы кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім беруге, кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы білім беру қызметімен электрондық түрде айналысуға лицензиялауды жүзеге асырады;
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге лицензиялауға ұсынылған заңды тұлғалардың құжаттарына сараптама жүргізу және білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның қарауы үшін сараптамалық қорытындылар қалыптастырады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бақылау субъектісіне бару арқылы рұқсаттық бақылауды жүзеге асырады;
Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы қағидаларын әзірлейді.