Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасы Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Басқарма өз қызметін ҚР Конституциясына, заң актілеріне, Президенттің және Үкіметтің шығарған актілеріне және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, Департамент туралы ережеге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Басқарманың негізгі қызметтері- салық және кеден заңдылықтарын және мемлекеттік саясат салығын дұрыс және бірыңғай сұрақтары бойынша түсіндіру;

    • түсіндіру түріндегі мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
    • қалалық және аумақтық Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне сонымен бірге заңды тұлға –салық төлеушілерге салық заңнамасының сұрақтары бойынша семинар, ақыл-кеңес жұмысын ұйымдастыру;
    • ҚР ҚМ СК ақпараттық парталымен СМИ, бұқаралық ақпараттық құралдарымен түсіндіру мәліметтерді орналастыру бойынша ынтымақтастық жұмысын ұйымдастыру;

    Қаржы Министрлігінен және Мемлекеттік кірістер Комитетінен, Департаментінен басқа да мемлекеттік органдардан сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың жүгінулері бойынша, құрылымдық және аумақтық салық басқармаларынан келіп түскен тапсырмаларының сапалы орындалуын қамтамасыз ету.