Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк басқармасы Батыс Қазақстан облысының аумағында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. Қызметтің негізгі бағыттары қауіпті өндірістік объектілерге тексеру жүргізу, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау, авариялар мен оқыс оқиғаларды тексеруге қатысу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдар мен халық арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады. ҚР ТЖМ БҚО ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының штат саны 14 бірлікті құрайды, нақты 13 бірлік (1 бос жұмыс орны). 4 бөлімнен тұрады:

    1) Мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібіндегі және магистральдық құбырларды мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімі - 4 адам;

    2) Тау-кен өнеркәсібіндегі және жару жұмыстарын мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімі - 3 адам;

    3) Қазандық, газ шаруашылықтары және көтергіш құрылыстары объектілерін мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімі - 3 адам (1 бос орын);

    4) Салааралық бақылау және қадағалау бөлімі - 3 адам.

    Басқарманың бекітілген тізіміне сәйкес, қадағалаудағы кәсіпорындардың саны 515 (оның ішінде қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдар - 344, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестаттаудан өткен ұйымдар - 171) құрайды, оның ішінде тәуекел деңгейі бойынша: жоғары - 42, орташа - 180, төмен - 293 (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестатталғандарды есепке алғанда - 171). Объектілердің жалпы саны 9994 бірлікті құрайды, оның ішінде Басқармада 169 қауіпті өндірістік объект тіркелген, сондай-ақ 3652 бірлік санында қауіпті техникалық құрылғылар есепте тұр.