Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Басқарма құрамын екі бөлім кіреді:

    - Қазандық, газ шаруашылықтары және көтергіш құрылыстар объектілерін мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімі;

    - Салааралық бақылау және қадағалау бөлімі.

    азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

    тиісті аумақта азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

    өнеркәсіптік қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;

    мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

    қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар салдарынан болған авариялар мен жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

    қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беру кезінде оны қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруға қатысады;

    жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді;

    адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін айрықша жағдайларда сот шешімінсіз дара кәсіпкерлердің, қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты ұйымдардың қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін көрсетілген мерзімде міндетті түрде сотқа талап арыз бере отырып, үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады немесе тыйым салады;

    екі және одан да көп облыстар шегінде орналастырылатын қауіпті өндірістік объектіні, сондай-ақ "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен стратегиялық объектілерді қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келіседі;

    әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда қауіпті өндірістік объектілерді, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады;

    қауіпті өндірістік объектілерде оқу дабылдарын жүргізуге қатысады;

    жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды бақылау және қабылдау сынақтарын жүргізу жөніндегі комиссияға қатысады;

    қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

    өндірістік ғимараттарға, технологиялық құрылыстарға және қауіпті өндірістік объектілердің техникалық құрылғыларына, қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық куәландырудың уақтылы жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

    қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың авариялар мен олардың зардаптарын жою және оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге әзірлігін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

    магистральдық құбырды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

    тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қоспағанда, тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау бөлігінде газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

    бақылау және қадағалау және (немесе) тексеру субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері туралы актіні, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу не тоқтата тұру туралы актіні жеке және заңды тұлғаларға береді;

    "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарының жоспарын келіседі;

    "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын келіседі;

    Департамент құзыреті шегінде өтініш берушінің біліктілік және/немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады;

    құзыретті органдармен бірлесіп жарылғыш материалдарды жою жөніндегі комиссияның құрамына қатысады;

    "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскесіндегі (оның бір бөлігіндегі) операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады;

    "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі комиссияға қатысады;

    "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады;

    өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын қауіпті өндірістік объектілердің заңды тұлғалары басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің біліміне (емтихандарына) тексеру жүргізеді;