Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы
ҚР ТЖМ Жетісу облысының ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы Алматы қаласының қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. Басқарма қызметінің негізгі бағыттары техногендік сипаттағы авариялар мен төтенше жағдайлардың алдын алу, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау, апаттар мен жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысу, сондай-ақ объектілердің ықтимал төтенше жағдайларды жоюға дайындығын қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ, жобалық құжаттаманы келісуді, қауіпті өндірістік объектілерді есепке қоюды, жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді, тексерулер жүргізуді және қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде ден қою шараларын қолдануды жүзеге асырады. Сондай-ақ, басқарма қауіпті техникалық құрылғыларды қабылдау сынақтарына, оқу дабылдарына, ұйым басшыларының білімін тексеруге және төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларға қатысады.