Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы
Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қауіпті өндірістік объектілерде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуына бақылау жүргізеді.
Басқарманың негізгі қызмет бағыттары:
* өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
* авариялар мен оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу;
* авариялар мен жазатайым оқиғалардың себептерін тексеруге қатысу;
* тау-кен, металлургия және өзге де салалар кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау;
* құзыреті шегінде құжаттамаларды қарау және келісу;
* бақылау субъектілеріне тексерулер ұйымдастыру және жүргізу;
* өндірістік процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
* өңір кәсіпорындарымен түсіндіру және консультативтік жұмыстар жүргізу;
* мемлекеттік қызметтер көрсету.