Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшесі болып табылады. Қызметінің негізгі бағыттары – азаматтық қорғау саласындағы іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, авариялық-құтқару жұмыстарын үйлестіру, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, профилактикалық іс-шараларды өткізу, белгіленген қызмет саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ халық пен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.