Жобалық жұмыстар басқармасы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Жобалық жұмыстары басқармасы
Функциялары:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысу және өз құзыреті шегінде олардың іске асырылуын жүзеге асыру;
3) Өз құзыреті шегінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде орындалған бағдарламалар бойынша есептерді дайындау және бекіту;
4) Өз құзыреті шегінде жүргізілетін саясатты жетілдіру жолдарын ұсына отырып, қызметтің жалпы бағыттары бойынша ақпаратты жинау және қорыту;
5) құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
6) жобалау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
7) жобалық және жобалық-жоспарлау өнімдерінің (көрсетілетін қызметтердің) отандық нарығын дамытуға жәрдемдесу);
8) мемлекеттік органдарға, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласының шаруашылық субъектілеріне жобалау мәселелері бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсету;
9) жобалау мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен және ұйымдармен ынтымақтастық;
10) жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу және келісу тәртібін, міндетті құрамы мен мазмұнын әзірлеуге қатысу;
11) ғимараттар мен құрылыстарды жобалаудың техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілеріне жатқызу қағидаларын әзірлеуге қатысу;
12) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын жобалар бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарды тарту тәртібін белгілеу қағидаларын әзірлеуге қатысу;
13) жобалардың сараптамасын (мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда) орындайтын жеке және заңды тұлғалардың сараптау комиссияларын құру қағидаларын әзірлеуге қатысу және сараптамаға қатысу үшін мамандарды тарту;
14) жобалау саласындағы құрылыс нормалары мен ережелерін жаңаларын әзірлеу және қолданыстағыларын қайта қарау жөнінде ұсыныстар енгізу;
15) жобалау құжаттамасының сапасына қадағалауды ұйымдастыру мен жүргізуді жүзеге асыру.