Жобалау-іздестіру жұмысы басқармасы

    об управлении

    Басқарманың функциялары:

    1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

    2) комитет республикалық бюджет қаражаты, халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздары мен гранттары есебінен іске асыратын гидротехникалық құрылыстардың, ирригациялық жүйелер мен топтық суағарлардың жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша инвестициялық жобаларды дайындауға және әзірлеуге қатысады;

    3) су қорын пайдалану және қорғау саласында жобалау, іздестіру, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;;

    4) Тапсырыс беруші бекіткен жобалауға арналған тапсырма, жер учаскесін таңдау және бөлу жөніндегі материалдар, объектіні инженерлік және коммуналдық қамтамасыз етудің техникалық шарттары, жобалау алдындағы қызметтің нәтижелерін қоса алғанда, өзге де бастапқы деректер негізінде республикалық меншік объектілерін салу және реконструкциялау жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;

    5) су қорын пайдалану, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға қатысады (елді мекендерде орналасқан су шаруашылығы және су бұру жүйелерін қоспағанда);

    6) су шаруашылығы объектілерінің ақпараттық базасын құруға және оған барлық мүдделі тұлғалардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысады;

    7) Комитет республикалық бюджет қаражаты, халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздары мен гранттары есебінен іске асыратын объектілерді, жобалау алдындағы және жобалау (жобалық-сметалық) құжаттамасын қамтамасыз ету бойынша Тапсырыс берушінің функцияларын орындайды;

    8) жобалау ұйымдарының шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етеді;

    9) жобалау ұйымдарының шарттық міндеттемелерді орындауына бақылау жүргізеді;

    10) сараптама ескертулерін жобалау ұйымының жоюын қамтамасыз етеді;

    11) бас жобалаушыдан алдын ала жобалау немесе жобалау-сметалық құжаттаманың соңғы нұсқасын қабылдауды жүзеге асырады;

    12) заңнамалық актілерде немесе шартта белгіленген мерзімдер мен тәртіпте нақты орындалған жұмыстарды қабылдауды және төлеуді қамтамасыз етеді;

    13) Қазақстан Республикасының құрылыс және көріктендіру саласындағы заңнамасының нормалары мен талаптарын бұзған лауазымды, заңды және жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін тиісті мемлекеттік органдарға жүгінеді;

    14) Комитет жасасатын гидротехникалық құрылыстар мен топтық су құбырлары бойынша жобалау алдындағы және жобалау (жобалық-сметалық) құжаттамасын қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша шарттық міндеттемелердің орындалмауына байланысты талап-арыздық жұмыстарды жүзеге асыруға қатысады;

    15) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

    16) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберінде сот процестеріне қатысады;

    17) басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің жұмысын үйлестіреді;

    18) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады;

    19) уәкілетті органдардың тексерулері мен құжаттарды алып қою журналдарын есепке алуды және жүргізуді жүзеге асырады.