Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы

    УПЧС ДЧС ВКО
    1. табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;

    2. өз құзыреті шегінде мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен тұжырымдамаларда, Стратегиялық жоспарда, Министрліктің жыл сайынғы операциялық жұмыс жоспарларында, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы Министрліктің Стратегиялық жоспарының мақсатты индикаторларына қол жеткізу жөніндегі Департаменттің жұмыс жоспарында көзделген іс-шараларды қалыптастыруды және оларды практикалық іске асыруды қамтамасыз ету;

    3. өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

    4. халықты және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлеуді ұйымдастыру;

    5. төтенше жағдайлардың алдын алу саласында мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

    6. төтенше жағдайлардың алдын алу мүддесінде қару-жараққа, техникаға және басқа да материалдық-техникалық құралдарға қажеттілікті айқындауға қатысу;

    7. төтенше жағдайлардың алдын алу күштері мен құралдарын құруға, даярлауға және оларды қолдануға дайын күйде ұстауға қатысу;

    8. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырыстарына материалдар және хаттамалық шешімдердің орындалуы туралы ақпараттар дайындау;

    9. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссия жұмысына ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру (жұмыс жоспарын әзірлеу, материалдарды қалыптастыру, отырыстарды дайындау және өткізу), сондай-ақ оның хаттамалық шешімдерінің орындалуын бақылау және талдау;

    10. Министрлік алқасының отырыстарына материалдар, сондай-ақ Басқарма қызметіне қатысты қаулылардың орындалуы туралы ақпараттар дайындау;

    11. елді мекендер мен шаруашылық жүргізуші объектілерді селден, көшкіннен, қар көшкінінен, су тасқыны мен су басудан қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

    12. өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың алдын алу саласында халықты, лауазымды адамдарды және ұйым қызметкерлерін оқытуды, білімді насихаттауды ұйымдастыру;

    13. төтенше жағдайлардың алдын алу саласында мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың және қоғамдық бірлестіктердің жұмысын үйлестіру;

    14. төтенше жағдайлардың алдын алу саласында Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің қызметін үйлестіру;

    15. табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласында ақпараттық-талдамалық жұмысты жүзеге асыру;

    16. халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен ведомствоаралық және саларалық өзара іс-қимылдың жай-күйін талдау;

    17. төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы әлемдік тәжірибені зерделеу;

    18. мемлекеттік органдарды, халықты және ұйымдарды қауіпсіздік талаптары мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары туралы хабардар етуді ұйымдастыру;

    19. қауіпті табиғи құбылыстарға мониторинг жүргізетін және оларды болжайтын ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

    20. төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жерүсті және ғарыштық мониторинг жүйесінің (бақылау, болжау және қадағалау қызметтерінің) жай-күйін, дамуын талдау және оны қолдануды ұйымдастыру;

    21. табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын бағалау үшін Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалану;

    22. Басқарма қызметіне қатысты нормативтерді, стандарттарды және қағидаларды келісу;

    23. төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде жүргізілген іс-шаралар туралы есептерді белгіленген тәртіппен Департамент басшылығының қарауына дайындау және енгізу;

    24. төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында облыс әкімдігі резервінен қаражат бөлу туралы сұрауларды қарау;

    25. облыс аумағының қауіпсіздік паспортын әзірлеуді жүзеге асыру, кейіннен оны Департамент басшылығы мен Министрліктің бекітуіне енгізу;

    26. табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қауіптерінің каталогын әзірлеуді жүзеге асыру, кейіннен оны Департамент басшылығы мен Министрліктің бекітуіне енгізу;

    27. әсер ету аймақтарында орналасқан Шығыс Қазақстан облысының сел, қар көшкіні және көшкін қаупі бар учаскелері мен объектілерінің паспорттарын келісу;

    28. жетекшілік ететін бөлімшелердің жұмысына әдістемелік басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануда әдістемелік көмек көрсету;

    29. табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласында Департаменттің аумақтық құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне өзара іс-қимылды ұйымдастыру және бақылау жүргізу;

    30. азаматтық қорғау саласындағы волонтерлік қызметті жалпы үйлестіру;

    31. табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің, Департаменттің, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру;

    32. табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласында Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің қызметін жетілдіруге, сондай-ақ Басқарма қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған семинар-кеңестерге, дөңгелек үстелдерге және тәжірибе алмасу жөніндегі өзге де іс-шараларға қатысу;

    33. төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

    34. Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

    35. Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.