Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Басқарма міндеттері:

    1) Комитет қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

    2) су ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша үйлестіруді қамтамасыз етуге қатысу

    Басқару функциялары:

    1) Комитет қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда белгіленген тәртіппен Комитеттің мүдделерін білдіреді;

    2) комитетте Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді тұрақты негізде үйлестіреді;

    3) Комитет әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, процестік құжаттардың, сондай-ақ заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысады;

    4) заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда Комитеттің пайдасына қабылданбаған сот актісіне барлық сот сатыларында шағымдану жөнінде уақтылы шаралар қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібімен наразылық келтіру туралы өтінішхаттармен жүгінеді;

    5) заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді;

    6) заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда Комитеттің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның атынан түсініктемелер дайындайды;

    7) мемлекеттік сатып алуды өткізуді жүзеге асырады;

    8) шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған кезде экономикалық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз етеді;

    9) жартыжылдықта кемінде бір рет тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Комитеттің қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйін талдайды және оларды жою және кінәлі лауазымды адамдардың Комитет Төрағасына жауапкершілікке тарту шараларын қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

    10) заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда сот актісіне шағымдану жөнінде уақтылы шаралар қабылдайды;

    11) заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді;

    12) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу;

    13) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және өткізеді;

    14) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және тауарларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттардың дайындалуына бақылауды жүзеге асырады;

    15) өнім берушінің шарттарда көрсетілген мөлшерде Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуін бақылайды;

    16) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу мерзімдері мен тәртібін сақтау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

    17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.